Ұстаз мәртебесі – ұлт болашағы
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, -дейді ғұлама хакім Абай Құанбаев. Тәуелсіз елімізді өркениетке апаратын даңғыл жолдың бастауы – балабақша мен мектеп. Білім ордасының басты тұлғасы, жүрегі -ұстаздар. Ұстаз ұлағатты есім. Адамгершілігі мол, педагогикалық шеберлікті меңгерген, өзін де, өзгені де, жетілдіре білетін рухани бай педагог қазіргі таңда аса қажет.

Бойында осындай құндылықтар байқалған әр ұстаз «Ұстаз» деген мәртебеге лайықты емес пе!?Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде ұстаздың еңбегі өте зор. Ұстаздық ұлы қасиет.Ұстаз білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр балаға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп үлес қосушы – ол ұстаз.
Бірақ осынау «Ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейтін мамандық. Шәкірттерді тәрбиелеу оны биік шыңға жетелеу қанаттандырып ұядан ұшыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиет. Тарыдай болып кірген күнімізден бастап балабақша мен мектеп қабырғасында біздің еркелігімізді көтеретін, қателіктерімізді кешіріп, сүйіспеншілікке баурап, адалдықты бойымызға сіңіретін де сол ұлағатты ұстаздарымыз.
Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан демекші ұстаздардың ерен еңбектері жасай берсін. Білім көшін заманауи көшпен бірге ілгері жылжытып келе жатқан ұстаздар, сіздерді кәсіби төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Мақпал Әкімханқызы ДИҚАНБАЙ,
“Айналайын” бөбекжай балабақшасының
әдіскері, Алматы облысының Іле ауданы