Басты мақсат – көптілділік кеңістігін дамыту

«Мен – полиглотпын» көптілділік орталығының жетекшісі Шамшия Курпебаева тікелей эфирде 2021 – 2022 оқу жылына арналған «Шаттық шуағы іс-шарасының кестесі» – «График радужных событий» – «Rainbow events schedule» @school_ bobek тақырыбында сөз сөйледі, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Ол орталықтың шығармашылық жұмысымен бөлісті, қыркүйек айындағы қуанышты оқиғалардың мысалдарын 3 тілде келтірді:
«Тіл – достықтың көпірі» – «Язык – мост дружбы» – «Language is a bridge of friendship»; «Бөбек» орталығының 25 жылдығына арналған шығармашылық жоба: «Бақыт үйі – Дом счастья – Happy house».


Шамшия Қабланқызы сөзінің соңында орталықтың мақсаты – көптілділіктің үздік әлемдік тәжірибесімен ынтымақтаса отырып, жалпыадамзаттық құндылықтармен интеграциялауды «Өзін-өзі тану» гимназиясының оқушыларымен, педагогтарымен және ата-аналарымен шығармашылықта көптілділік кеңістігін дамыту болып табылатынын атап өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий