“Өзін-өзі тану” адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасындағы инновациялық білім

“Білім беру арқылы біз қоғамдағы адамгершілік және рухани құндылықтарды жандандырғымыз келеді, сол арқылы әр адам өзінің бойында қалыптасқан қабілеттерін толығымен іске асыра алады және сол арқылы біздің мемлекетімізге ғана емес, жер бетіндегі барлық адамдарға пайда  әкеледі., – дейді Сара Алпысқызы.

Бүгінгі таңда адамзат дамуында жаһандық мәселелер тіршіліктің барлық деңгейлерінде түрлі дағдарысқа әкелуде. Осының бәрі адамзатқа дамудың жаңа жолын іздестіруді талап етеді. Бұл мәселелердің шешімі – адамгершілік-рухани білім. Адамгершілік-рухани білім жастарға қоғамда жоғары рухани-игіліктерді нығайтудың, кемел мінез бен адамгершілік қасиеттері жарқыраған азаматтарды тәрбиелеудің тірегі болуды мақсат тұтады. Адамның ішкі әлеуетін барынша ашуға бағытталған адамгершілік-рухани білім беру – ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басым бағыты болып табылады.

Өзін-өзі тану оқу пәні ретінде тұлғаның адамгершілік негіздерін қалыптастыру, оны рухани жетілдіру, өзінінің деңгейін көтеру үшін жағдай жасайтын басты рөл атқарады. Адам өзін-өзі танудың тұтас процесі ретінде болмыстың физикалық, психикалық және рухани аспектілерінің контекстінде қаралатын объектісі болып табылады. Адамның осы ракурстарының органикалық бірлігі оның өздігінен белсендіру, өзіннің деңгейін көтеру және өзін-өзі жетілдіруді қамтитын үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді. Бұл өзін-өзі танудың пәндік саласын анықтайды және оқу пәнінің танымдық, дамытушылық және тәрбиелік функцияларын нақтылайды.

Өзін-өзі танудың пәндік саласы бойынша әрбір оқушы өзінің рухани-адамгершілік табиғатын және тұлға ретінде жетілуіне жағдай жасау арқылы шығармашылық әлеуетін ашуға, өмірдегі өзінің қажеттілігін түсінуге бағытталған мақсатты білім беру процесін ұйымдастыруды көздейді. «Өзін-өзі тану» пәнінің құралдары да білім алушылардың қоғамға қызмет етуге бағытталған шығармашылық белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беретін өмірге қажетті кең спектрлі білік пен дағдылар алуына қолдау және көмек көрсетуге бағытталған.

Жас ұрпақты абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілікке тәрбиелеуде жаңа инновациялық білім кеңістігін құра отырып, шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы–білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайтын бағдарлама.

Инновациялық идеяларды білім беру үдерісіне ендіру оқыту мен тәрбиенің, білім алушы мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастырудың мақсатына, мазмұнына, әдістері мен формаларына жаңашылдық енгізу екенін білдіреді.Сондай-ақ, бұл педагогтардан екі ерекшелікпен айқындалатын, терең кәсіби даярлықты талап етеді: теориялық зерделеу, талдау және жалпылау; сабақты, сабақтан тыс іс-әрекеттерді тәжірибелік тұрғыдан әзірлеу, жәтижелер алу және бағалау. 

Қазақстанның білім беру жүйесінде оң метапәндік және тәрбиелік әлеуеті бар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы Сара Алпысқызының идеясымен іске асырылуда. Бүгінгі күні заманауи тәрбие теорияларының шабыттандыратын идеялары қолданылған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының әлемдік білім беру кеңістігінде теңдесі жоқ. Ол жастардың адамгершілік-рухани тәрбиесінде білім берудің барлық деңгейлерінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарға бағдарланған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы ізгі ниетті, адамгершілік қасиеттерге лайықты азаматтар тәрбиелеуге ықпал етеді, және тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда басты механизм болып табылады. «Өзін-өзі тану» тұжырымдамасына сәйкес білім берудің мақсаты: әрбір адамның бойынан табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарын анықтау; қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарының жүйесін, білімді шығармашылықпен қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Және білім алушылардың адамгершілік мінез-құлқының негіздерін, адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа деген көзқарасын негіздейтін  әлеуметтік маңызы бар бағдарларды қалыптастыру болып табылады.  Бұл мақсат өскелең ұрпактың интеллектуалдық және адамгершілік-рухани әлеуеттерін үйлесімді дамыту міндеттерін жүктейді. «Өзін-өзі тануда» адамгершілік-рухани білім беру: әрбір  білім алушы өзінің рухани-адамгершілік табиғаты мен мақсатын ұғынуына; өсіп келе жатқан адамның дұрыс қалыптасуына ықпал ету сияқты жалпы мақсаттарға қол жеткізу арқылы жүзеге асырылады.

Ал, «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамзаттың адамгершілік-рухани мәдениеті, адам және қоршаған әлем туралы мәліметтердің кең ауқымын қамтиды,білім алушылардың ішкі ізденісін жандандырады, терең ойлау, өмір туралы маңызды мәселелердің мағынасын ажырату және интуитивті түрде ұғына білу қабілетін дамытады. Осы орайда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы жас ұрпақтың тұлғалық потенцалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, ризашылық, мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.

Зафура ШАЛГЫНБАЕВА,
“Бөбек” ҰҒПББСО “Өзін-өзі тану”

Адамның үйлесімді дамуы
гуманитарлық колледжінің арнайы
пәндер оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий