Қостанай облысы: Тәуелсіздік жетістіктері оқушылар зердесінде

Қазақстан Республикасының оқушылардың бойында болашақ азамат пен патриот  сезімін қалыптастыру, өз елінің дәстүрлеріне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш және құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында Қостанай қаласындағы №27 жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында қоғамдық пікір көшбасшыларын, журналистердің қатысумен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шараларға біздің аймақтың дамуына үлес қосқан азаматтар қатарынан қонақтар шақырылды: «Қазақстанның Еңбек Ері», «Алтын жұлдыз» ерекше атағының және «Отан» орденінің иегері Сайран Балкенұлы Буканов, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқытушысы, Қостанай облысы жастарының «Білім және ғылым саласындағы үлесі үшін» номинациясы бойынша «Алтын кітаптың» лауреаты, Тәуелсіздіктің құрдасы Бейшов Рустам Салтанович қатысты.

Оқушылар егемендікке қол жеткізу кезеңдері, тәуелсіз мемлекеттің даму тарихы және еліміздің қалыптасуындағы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды рөлі туралы айтып, Отан туралы өлеңдер, әндер орындады. Қонақтар мектеп педагогтары мен оқушыларын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, өздерінің табыстары мен жеңістері туралы айтып, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміздің қалыптасуы мен жетістіктерінің маңызды кезеңдерін атап өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий