Amanzholov University Азиялық студенттердің оныншы форумына қатысты
“Қырғызстан – Азия 2021” студенттік форумына жеті елдің, атап айтқанда Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Моңғолия, Тәжікстан, сондай-ақ Өзбекстанның 27 университетінен 150 студент қатысты, – деп хабарлайды С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің баспасөз қызметі.

Төрт күн бойы ШҚУ студенттері форум жұмысының секциялық бағыттарына қатысты: “Шекарасыз білім беру: пандемия сабақтары және жаңа мүмкіндіктер”, “Болашаққа ғылыми және инновациялық серпіліс. Адам және Сан”, “Жаңа медиа дәуіріндегі мәдениетаралық диалог”, “21 ғасырдағы цифрлық әлемнің көшбасшысы: жастар уақыты”, “Жастар ортасындағы әлеуметтік жобалау”. Сонымен қатар, Қырғызстанның тарихы мен мәдениетімен танысып, тарихи орындар мен бірқатар мұражайларды аралады.
“Құқықтану” мамандығының екінші курс студенті Дильназ Марат Әли Оқаповтың “Алға” әнін орындады. Сонымен қатар, Amanzholov University студенттері және форумның қалған қатысушылары ұйымдастырушылар – Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті мен Алтай мемлекеттік университетімен бірлескен жобалардың келешегін талқылады. Шара соңында форумның барлық қатысушылары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін 69-жылдығымен құттықтады.

Айта кету керек, Форум Азия университеттері қауымдастығының, РФ Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігінің, “Россотрудничество” Федералдық агенттігінің қолдауымен өткізілді.
Загрузка...