Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ішкі қауіпсіздік қызметін күшейтуде

Ресейдің Пермь университетіндегі, мамыр айындағы Татарстан астанасы Қазан қаласында гимназияда болған қайғылы жағдай білім мекемелеріндегі қауіпсіздік қызметін күшейтудің өзектілігін көрсетті. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі тапсырмасымен Білім және ғылым министрлігі білім мекемелеріндегі қауіпсіздікті күшейту және қамтамасыз ету туралы арнайы шараларды іске асырды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

​Қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті төмендегі кешенді шаралар орындалған: Университет ғимараттарын «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын» қамтамасыз ету мақсатында, бірыңғай үлгіге сәйкес, паспорт жасақталған. Терроризмге және экстремизмге қарсы әрекет етудің негізгі іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілген.

Лаңкестікке қарсы қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бойынша 2021ж. 20 қаңтарда №011н бұйрықпен арнаулы жұмыс комиссиясы құрылып, жұмыс жоспары бекітіліп тиісті міндеттер жауапты тұлғаларға жүктелді. Сонымен қатар, барлық бақылау-өткізу бекеттерінде бақылаушылар үшін лауазымдық нұсқаулықтар және олар «Лаңкестік немесе басқа құқық бұзушылық әрекеттер туындау қаупі кезіндегі типтік нұсқамамен» таныстырылып, әрбір өткізу бекетіне берілген.

Ағымдағы жылы Атырау облысы Полиция Департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы уәкілінің қатысуымен, лаңкестікке қарсы қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бойынша 2021ж. 22 маусымда теориялық сабақ өткізілді. Университет оқытушы-қызметкерлері, студенттер және келушілер үшін 2 бақылау-өткізу бекеті қарастырылған. Бекеттер турникеттер мен бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Автокөліктер үшін арнайы шлагбауммен жарақтандырылған бақылау-өткізу пункті қарастырылған. Бақылаушылар тәулік сайын  ауысымға түсер алдында үнемі лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттері қосымша жеткізіліп, келуші адамдарға, олардың қол жүктеріне баса назар аудару қажеттігі, күдікті заттар табылған жағдайда орнынан қозғамау және нұсқаулыққа сәйкес әрекет ету еске салынады.

Бақылаушылар жұмыс уақытында әрбір 1 сағат бекітілген аумақты және ғимаратты жіті тексереді. Университет аумағында   барлығы 297 бейнебақылау  камерасы орнатылған. Оның 230-ы ғимарат іштерінде,  аудиторияларда және дәліздерде, 67 бейнебақылау камерасы ғимарат сыртында орнатылған. Ғимарат сыртында орнатылған 23 бейнебақылау камерасы Атырау облысы Ішкі істер департаментінің «Сергек» бейнебақылау жүйесіне қосылған.

Университеттің штаттық бірлігінде 25 өткізу бекетінің бақылаушысы, 1 бейнебақылау операторы лауазымы қарастырылған. – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ «Атамекен біліктілік арттыру және даярлау республикалық орталығы» ЖШС-пен 28.07.2021 күнгі №277 мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасты. Шарттың мәні – қызметкер/жұмыскерлерге ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңына жән басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, ҚР заңнамалары нормаларын оқыту. Оқыту онлайн форматта өтті. 

«Атамекен біліктілік арттыру және даярлау республикалық орталығы» ЖШС ұсынған тізімге сәкес, оқыған қызметкерлердің саны – 696. Қызметкерлердің бұл саны 4 топқа бөлінді. оқу 4 топқа бөлек өткізілді. Террористік әсерлерге осал нысандар қызметкерлерін оқыту «Нысан басшылары мен қызметкерлеріне арналған типтік нұсқаулық, Террористік акті немесе басқа да заңға қайшы іс-әрекеттер жасалған жағдайдағы еррористік әсерлерге осал нысандар» тақырыбында өтті. Баяндамашы – Атамекен біліктілік арттыру және даярлау республикалық орталығының бас маманы С.Р. Абилгазин.

«Атамекен біліктілік арттыру және даярлау республикалық орталығы» ЖШС курстары аяқталғаннан кейін «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ-қа 28.07.2021 күнгі тіркеу номері №105-230, № 0230 сертификаты берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий