ҚР кәсіподақтары күні қарсаңында: Ұжымдық шарт – қолдау құжаты

Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитеті арасында әр үш жыл сайын ұжымдық шарт жасалады. Ол сала қызметкерлері үшін бірқатар қосымша нақты кепілдіктер мен жағдайларды белгілеудің басты құралы болып табылады. Соның бірі –білім беру ұйымдарының басшыларына жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілгенде 9 сағаттық педагогикалық жүктеме үшін емделу жәрдемақысының төленуі.

Білім бөлімімен келіссөз жүргізу арқылы бір жыл бұрын ұжымдық шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, мемлекет тарапынан жалақылары арттыру шарасынан тыс қалып қойған білім беру саласындағы көркемдік жетекшілерге 25%, мектеп кітапханашыларына отыз бес пайыз, балабақша, қосымша білім беру, интернаттық мекемелер, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарындағы медицина қызметкерлерінің еңбек ақыларына 30%, қаржы-экономикалық қызмет мамандарының жалақыларын ел пайызға арттыру құқығына қол жеткіздік.

Әлеуметтік әріптестіктің негізінде қол жеткен жүйелі жұмыстың игілігін жүздеген кәсіподақ мүшелері сезінді. Еңбек адамының құқығын, мүддесін қорғау, құқықтық кеңес беру, ынталандыру, колдау және сауықтыру шараларын ұйымдастыру – біздің күнделікті үзіліссіз атқаратын жұмысымыздың бір парасы. Ұйымның әрбір мүшесінің еңбек қатынастарынан бөлек, өмірлік жағдайларда да туындайтын мәселелерінің оң шешілуіне тигізген септігіміз олардың кәсіподаққа сенімін нығайтып, ұйымның беделін арттыра түседі.

Мадина АСАНЖАНОВА,
Меркі аудандық филиалдың
төрайымы, Жамбыл облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий