Талдықорған жоғары политехникалық колледжі еліміз бойынша ең үздік колледж атанды

Қазақcтан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Тalap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының МКҚК 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша колледжер арасында өткен рейтинг нәтижесінде Талдықорған жоғары политехникалық колледжі  «Қазақстан Республикасының үздік 10 колледжі» аталымы және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бейіні бойынша бірінші орынды иеленді, – деп хабарлайды осы арнаулы оқу орнының баспасөз қызметі.

«Талап» КЕАҚ жыл сайын колледждердің студенттерге жоғары сапалы білім беру қабілетін бағалау, олардың нәтижелерін салыстыру және көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуға қосымша мотивация құру мақсатында ТжКБ жыл сайын еліміздегі колледждердің рейтингсін өткізеді. Аталған рейтинг қорытындысы колледж жұмысының негізгі көрсеткіштері бес көрсеткіш бойынша бағаланады.

Атап айтқанда қызмет сапасы (25 балл), кәсіби персонал (15 балл), бизнес -қоғамдастықтармен қарым -қатынас (35 балл), WorldSkills жобасына қатысу және басқа инновациялық жобалар (10 ұпай), студенттер саны (15 ұпай). Республикамыздағы колледждердің жыл сайынғы рейтингі қорытындысы бойынша колледж 92,12 балл жинап, еліміздің үздік колледжі атанды!

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий