Балабақша – бақыт мекені

Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам нағыз тәрбиелеуші бола алмайды, – дейді В. Сухомлинский. Білім қазынасын тәрбиеленушілердің бойына сіңдіріп, олардың болашақтарына игі ықпал ету-негізгі міндетіміз. Еліміздің болашағы – ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі саналы ұрпақ екені даусыз. Тәрбиеленушілерді саналы әрі бәсекеге қабілетті тұлға ретінде жан-жақты дамыту отбасы мен балабақшаға ортақ міндет. Бүгінгі өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің биік белестерінің баспалдағы – балабақша.

Біздің мектепке дейінгі тәрбие орталығы 2019 жылғы ақпан айының ортасында ашылып, содан бері жұмыс жасап келеді. Балабақшамызда 33 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде он төрт педагог қызметкер (10 педагог жоғары білімді, төрт педагог арнаулы орта білімді). Арнаулы орта білімді педагогтің екеуі жоғары оқу орнын сырттай оқу бөлімінде жалғастыруда. Педагог мамандарымыздың басым көпшілігі жас мамандар. Бірінші санатты және екінші санатты қызметкерлеріміз бір-бірден. 

2019-2020 оқу жылында  педагогтар  біліктілігін арттыру курсынан өтті. Сондай-ақ Талдықорған қаласында, Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бес педагог қызметкер оқып келіп, жұмыс жасау үстінде. Балабақшамызда оқу тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.

«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларынан тұрады. Тәрбие балабақшадан басталады. Балабақша – тәрбиеленушілерді ата дәстүрін сақтайтын инабатты, ибалы да үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсете білуіне үйрететін тәрбие орталығы. Жыл көлемінде ата-аналар мен балабақша ынтымақтастығын арттыру үшін балабақшаның жылдық міндеттемесі мен жоспарына сай жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, ата-аналар жиналысы, жыл мезгіліне байланысты көрмелер, спорттық мерекелік іс-шараларына ата-аналарды жиі жұмылдырамыз.

Сонымен қоса ата-аналар ұйымшылдықпен белсене қатысқан «Қош келдің, Әз Наурыз!», топтар арасында мерекелік безендіру сайысы, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Қыс қызығы», «Денсаулығым байлығым», «Спорт- жан серігім», «Шынықсаң шымыр боларсың» атты тақырыптарда  спорттық сайыстар мен  «Ең үздік серуен алаңы» атты байқау ұйымдастырылды. Педагог мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында үлкен жұмыс атқарылып жатыр.

Ең алдымен меңгерушінің бағыт пен бағдары және нұсқау беруі арқылы әдіскер педагог қызметкерлер мен «Өз мамандығыңды тани білесің бе?» атты іскерлік ойын, тестілеу, сауалнама жүргізілу арқылы педагогтарды бақылау барысында кәсіби деңгейіне диагностика жасалынды. Қазіргі таңда білім беру ұйымының педагог қызметкерлердің білімі мен білігі түрлі тәжірибе алмасулар мен «Гүлдер жобасы», «Әкем, анам және мен – біз тату отбасымыз!», «Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру» атты тақырыптардағы жобалар арқылы шыңдалып келеді.

Сондай – ақ балабақшаішілік «Үздік жасмаман» байқауы мен «Тілден терең теңіз жоқ» атты тақырыптағы сайыс жиналғандардың ризашылығына бөленді. Басты мақсат – жас мамандарды білікті де тәжірибелі, мейірімді, жан – жақты маман етіп шығару. Баланың дарыны мен таланты қаншалықты ерте ашылса, нәтижесіде соншалықты жемісін беретіндігі белгілі. Бала дегеніміз болашақ. Өскелең ұрпақты қалай тәрбиелесек, келешегіміздің келбеті солай бекем болмақ. «Жас ұрпақ келешектің қожасы», – деп В. Белинский айтқандай ұл – қыздарымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда…

Ардак Саткыновна АДИЛБАЕВА,
“Айналайын” бөбекжай-балабақшасының
меңгерушісі, Алматы облысындағы
Іле ауданының Қосөзен ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий