Алғашқы ұстаздарыма алғысым шексіз

Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Біздің мемлекетімізде де ұстаздар мерекесін қазан айының алғашқы жексенбісіне белгілеген. Дәлірек айтсақ, мұғалімдер күні 1965 жылғы қыркүйек айының 29-ы күні КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының бұйрығымен қазан айының алғашқы жексенбісіне қойылған. Сондай-ақ 1966 жылғы қазан айының бесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері “Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар” құжатын бірауыздан мақұлдаған болатын. 

Ұстаздар күні — көпшілік жақсы көретін кәсіби мерекелердің бірі. Ғылымның қыр-сырын меңгеріп, бойындағы бар білімін мұғалімдердің бойына сіңірген ұстаздардың ұстазы  қаншама! Ұстаздың біліктігін арттыру  жолында шаршамай, талмай қызмет еткен  асыл жандарымыз барша құрметке лайық. «Ұстаз» деген атқа ие болған адам бақытты адам деп ойлаймын. Себебі олар әрбіріміздің тағдырымызға әсер етіп, әрқашан тірек болып қасымыздан табылды.

Алғашқы менің ұстаздық қызметіме әсер еткен осыдан 31 жыл бұрын Краснокутск ауданының білім бөлімін басқарған Жумабекова Рысты Мағауияқызы, одан мен ұстаздық мамандықтың қызығы мен шыжығын, білікті ұстаздың білімі мен тәжірибе арқылы алған  қызметкерлердің де беделі жоғары болатына көз жеткіздім. Хамзина Бакыт Шәкенқызы  индустриалды білім бөлімін бақарған үнемі ізденісте жүретін, маған бағыт пен бағдар беріп жүрген және адамгершілік пен адалдықты, шыншылдық пен қайырымдылық оның   өмірлік кредосы айналған ұстаз.

Ұстаздарға білім бере отырып, өмірдің қиындықтарына төзу керектігін, мойымау қажеттігін үйреткен асыл  жан  Темірболат Ережепбайұлы Дайкенов. 1995-2005 жылдары Павлодар педагог мамандар біліктілігін арттыру  институтын басқарған Темірболат Ережепбайұлының бастамасымен  экономикалық білім негіздері пәнін насихаттау мен оны мектеп бағдарламасына енгізу  барысында  бірге  аянбай еңбек еттік.

Нәтижесінде: Білім және ғылым минстрлігінің бұйрығымен 5-11 сынып бойынша  еліміз бойынша жалпы орта білім беру мектептерінде факультативті курс ретінде «Экономикалық білім негіздері» пәні енгізіліліп, оқушылар арасында ең алғашқы экономикадан ғылыми жобалар мен олимпиадаға бастамашылдық танытып, «Ең таңдаулы экономика пәні мұғалімі» деген сайыстар ұйымдастырылды. Өкінішке орай білім саласындағы жаңа  стандарттың өзгеруіне  байланысты осы атқарылған жұмыстар тоқтап қалды.

Әрине  осы дүниеден озып кеткен ардақты ұстаздардың ұстазы Темірболат Ережепбайұлын , әрқашанда сағынышпен  еске аламын. Оның көзі тірісінде өзі ашып кеткен институттағы білім  мұражайына биыл міне 21 жыл толады және осы ұжымда абыройлы қызмет ақарып жүргеніме мақтанамын. Қазіргі таңдағы  ардагер ұстаздарым: Рысты Мағауияқызы мен Бақыт Шәкенқызын ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтай отырып, маған берген орасан зор білімі мен өмірлік сабақтары үшін алғысым шексіз екенін жеткізгім келеді.

Әлия Рахметжанқызы ЖҮНІСОВА
“Өрлеу” БАҰО” АҚ Павлодар филиалы
ПҚБАИ музей ісінің  бас маманы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий