Ашық сабақ: Тәуелсіздік жетістіктері

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу бойынша бірыңғай жоспарды жүзеге асыру аясында Қостанай педагогикалық колледжінде қазақ тілінің ашық сабағы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспаксөз қызметі. Филология кафедрасының оқытушысы Кенжегарина А. А. “Тәуелсіздік жетістіктері” тақырыбында республикалық ашық сабақ өткізді.

Студенттерді Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлімен таныстырды. Ашық сабаққа мемлекеттің қалыптасуы мен өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан Тәуелсіздік құрылысшылары қатарынан белгілі тұлғалар шақырылды. Олар Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі қорытындылары мен перспективаларын баяндады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий