Ұстаз – үлкен еңбекқорлығымен, жоғары жауапкершілігімен ерекшеленеді
Жас жеткіншектерді тәрбиелеуде, сапалы білім беруде алдына қойған басты мақсат – білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу. Қазіргі кезде білім стандарты жасалынып, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «Мен» менталитетін қалыптастыру, оларды өзін-өзі таныту үшін еңбектену оқытушылар қауымына үлкен мақсаттар жүктеді. Менің педагогикалық қызметім 2000 жылы Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басталды. Мен өзімді тамаша педагог, теориялық және практикалық оқыту әдістемесін жоғары деңгейде меңгерген маман ретінде танылуым шәкірттерімнің көп ізденіп, көп білгісі келетін қаиеттері болса керек.
Өзімнің педагогикалық тәжірибемде жүйелі түрде дамытушылық, тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолданып, деңгейлік саралау, құзыреттілік тәсіл, жобалау және зерттеу қызметі негізінде оқыту технологияларын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана білетін білікті ұстаз ретінде көрсеткім келді. Аудандық және облыстық семинарларда үнемі үздік сабақтар өткізу арқылы білімім мен біліктілігімді шыңдай түстім. Оқушылардың ақпараттық сауаттылық негіздерін жетілдіруге жетекшілік жасай отырып, АКТ-мен жұмыс істеу дағдыларын меңгеріп, педагогикалық дәрежемді жоғарылата түстім.
Сайттағы заманауи мұғалімдер порталына орыс тілі, математика, әлемді тану бойынша 1-ден 4-сыныпқа дейінгі онлайн тесттер сериясын жарияладым, оларды сабақ үдерісінде қолданып, оқу деңгейін анықтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, есте сақтау, логикалық ойлау, реакция жылдамдығы, ақылды шешімдер қабылдау қабілетін шыңдап, шәкірттерімді дамыта алдым. Өз тәжірибелерімде әртүрлі дидактикалық материалдарды: кестелер, карточкалар, тесттер; әдістемелік әзірлемелерді шебер әзірлеп, жүйелеп, жинақтап, практикаға енгіздім, оқу-тәрбие процесінде мультимедиялық құралдарды пайдаланадым.
«Занимательная математика и логика» атты авторлық бағдарлама әзірледі және математикадан 1-сыныпқа арналған “10-ға қосу және азайту”,” 10-нан 20-ға өту арқылы қосу және азайту”,” «Дөңгелек ондықтарды қосу және азайту» интерактивті тренажерлер құрып, жұмыста қолдандым. Халықаралық педагогикалық конференцияда “Цифрлы Қазақстан” бағдарламасын дамыту аясында өз туындыммен бөлісіп, ұстаздық жауапкершілігімді арттыра түскендеймін. «Ұстаздан – шәкірт озар» ұстанымы арқылы шәкірттерімнің биіктен көрініп, абыройлы жетістікке жетіп жатса, ұстаз үшін бұдан артық мәртебе болмас еді!…
Оқушыларым түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен шығармашылық конкурстарда жеңімпаз және жүлдегер атанды. Олар: Халықаралық “Адам және табиғат” жаратылыстану білімі бойынша байқау Гарина Марина, Булат Алика. Облыстық “Балалар зияткерлік клубы” математика пәнінен сайыс Нуридин Шадияр , орыс тілі бойынша Булат Алика, Сулейменова Раиля, әдебиеттік оқудан Каинбекова Алима, Омирбек Нурсултан, дүниетанудан Ибрагимова Назлы, Гарина Марина сынды оқушыларым марапатталды.
«Дарын» Республикалық ғылыми орталығының «КІО» олимпиадасы Малика Тлеукул, Республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшы» зияткерлік порталы “Мәнерлеп оқу” байқауы Манарбекова Амина, Кушалиев Аслан, “Көктем көрінісі” байқауы Азаматұлы Мирас. Республикалық “Шамшырақ” олимпиадасы Тажбағанбетова Нұрайлым, Батырбай Алина, республикалық «BILGENBAIGE» математика пәнінен олимпиадасы Құттықбай Керей, Мамедов Ашраф. «Дарын» республикалық ғылыми орталығының «Ақ бота» зияткерлік марафоны Гафиатова Елена, республикалық «BILGEN BAIGE» математика пәні олимпиадасынан Мадақтама Исмаилова Медина, Алдияр Дінмұхамед, «Русский медвежонок – языкознание для всех» атты онлайн интеллектуалды марафонында Ульфанова Селина, Мамедов Ашраф сияқты шәкірттерім жоғары нәтижелі жетістіктерін көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Ұстаздық еңбегімді ақтап, сапалы білімнің шексіз екенін көрсетті. Мұғалім ретінде әрбір тұлғаның рухани дамуына көп көңіл бөліп, сыныптағы тәрбие жұмысын әрдайым әр түрлі, балалар үшін маңызды және ата-аналармен тығыз байланыста құрылғандығына көп уақыт бөлемін. Көшбасшы-мұғалім, мектеп тренері және шебер-педагог ретінде мектеп, аудан және облыс мұғалімдерімен белсенді жұмыс істеп келемін.
ХМО отырыстарында баяндама жасай отырып, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар шеңберінде коучингтер, мастер-кластар арқылы өз тәжірибеммен бөлісіп, рухани мықты маман екенімді көрсете беремін. Коучинг, шебер-сынып, ашық сабақтардың барлық әзірлемелерін өзімнің http://multiurok.ru/doska / педагогикалық сайтында және Facebook жеке парақшасында https://www.facebook.com/profile.php?id=100017794694336 жариялап, басып шығарудамын.
Қазіргі инновациялық технология туралы айтсақ, оқушылардың бойында өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды сіңіре отырып тәрбиелеу ұстаздық міндетіміз. Мұғалімнің басты мақсаты – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімі нөмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Ұстаз әрқашан үлкен еңбекқорлығымен, жоғары жауапкершілігімен ерекшеленеді. Ұстаз еңбегі назардан тыс қалмайды, мен өз тәжірибелерімді көрсету барысында түрлі мақтау қағаздарымен, дипломдармен марапатталдым.
“Бастауыш сыныптың үздік мұғалімі-2015”, “Ұшқыр ізденіспен шығармашылық шабыт-2016”, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “КИО-2016» күміс нәтиже, “Жыл мұғалімі-2018 “, “Қазақстан мұғалімі-2020” ұлттық сыйлығының лауреаты атандым. 2016 жылдан бастап мектептің оқу процесіне Lesson study тәсілін енгізетін зерттеу топтарының жетекшісі, ғылыми ойлауды меңгерген шебер ұстаз ретінде өз білгенімді тағылымды ұстаз ретінде кейінгі жас мамандарға үйретіп келемін.
Қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, өз білімімді үнемі жетілдіріп, біліктілігімді арттыру мақсатында түрлі курстарға қатысып, педагогикалық қызметімнің деңгейін арттырып, жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін зерделей түсу үшін жауапкершілік қасиетімді арттыра түсудемін.
Алма Қаныбекқызы МАХАНОВА,
Әсет Бейсеуов атындағы орта мектептің
мұғалімі, педагог – шебер, Алматы облысының
Жамбыл ауданы