“ZEREN.photo-fest”: Кәсіби фототілшілер мен студенттер арасында ұйымдастырылған байқау мәреге жетті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 25-26 қыркүйекте Ақмола облысы Зеренді кентінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық және оқу орнының 25 жылдық мерейтойы аясында «ZEREN.photo-fest» атты фототілшілер байқауын ұйымдастырды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Фотобайқаудың мақсаты – кәсіби фототілшілер мен студенттердің шығармашылық байланысын нығайтып,кәсіби мамандар арасында тәжірибе алмасу. Сондай-ақ фотожурналистикаға бейімі бар студенттерге фотопортрет, пейзаж, фоторепортаж, фотоочерк және тағы басқа түсірудің тәсілдерін үйрету, шеберліктерін арттыру, Зерендідегі «Тұмар» оқу-сауықтыру орталығында өткен фестиваль журналистиканыңкәсіби фототілшілері мен журналистика, дизайн мамандықтарындағы талапты студенттердің шығармашылық алаңына айналды.

Мұны салтанатты шараның ашылуы мен жабылуында сөз сөйлеген Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков, ЕҰУ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Дихан Қамзабекұлы, ЖжСФ деканы Қайрат Сақ, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Серікзат Дүйсенғазы, Сәулет және құрылыс факультетінің дизайн кафедра меңгерушісі  Әуез Байдабековтер мен  байқауға қатысқан фототілшілер айтып берді.

Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, ҚР Қорғаныс министрлігі, «Жас Отан» жастар қанаты, «Егемен Қазақстан», «Астана ақшамы» газеттері мен«Kazinform.kz», «National Geographic» журналы, «Tengrinews»,  Kazakhnews.kz ақпараттық сайттарының фототілшілері, сондай-ақ, ЕҰУ-дың дизайн және журналистика мамандығының студенттері қатысты. Байқау барысында елордалық және халықаралық БАҚ, мемлекеттік органдардың фототілшілері, Ақмола облысының мерзімді басылымдарында еңбек еткен фототілші – ардагерлерекі күн бойы студенттерге түрлі жанрда суретке түсіру  техникасын үйретіп, шеберлік шыңдау дәрістерін өткізді және кәсіби тәжірибеге баулыды.

Олардың ішінде ҚР Премьер-министрінің фототілшісі Шүкір Шахай,ҚР Премьер-минстрі ресми сайтының фототілшісі Нариман Мырзабаев, «Егемен Қазақстан» газетінің фототілшісі, еңбек ардагері Орынбай Балмұрат, Каzaknews.kz фототілшісі Доған Йылдыз, «Tengrinews» ақпараттық сайтының фототілшісі Сұлтан Сейіт, тағы басқа суретке түсірудің хас шеберлерінің дәрісі студенттер үшін тәлімі молфестиваль болды.

Айта кететін жайт, төрт кезеңнен тұрған фотобайқаудың бірінші кезеңінде конкурсқа қатысушылар «ЕҰУ-25» тақырыбында үй тапсырмасын орындады. Бұл тақырыптық суреттерде университеттің ғылым, оқу, халықаралық байланыс, тәрбие және тағы басқа салалардағы жетістіктер, сондай-ақ университет тарихындағы тұлғалар, танымал ғалымдар, әртүрлі сайыстарда жеңіске жеткен білім алушылар көрініс тапты. Орындалған жұмыстардан Зеренді демалыс аймағында арнайы көрме жасалып, ол Қазылар алқасы тарапынан бағаланды.

Екінші «Фотопортрет» кезеңінде кәсіби маман студенттерге фотопортрет түсірудің қыр-сырын үйретті. Әсіресе, адамның жан дүниесін, мінез-құлқын, көңіл-күйін, тағы басқа сыртқы бет-әлпетімен, кескін-келбетімен үйлестіре отырып көрсетудің тәсілдерін үйрету арқылы байқауға қатысушылардың шеберліктері бағаланды. Үшінші және төртінші кезеңде «Пейзаж» және «Фоторепортаж» жанры бойынша Зеренді демалыс аймағынан фоторепортаждар түсіріліп, ұсынылған суреттер жанрдың сапасы мен мазмұны, жанрлық ерекшеліктеріне қарай бағаланды.

Елтаңба авторы Жандарбаек Мәлібеков төрағалық еткен Қазылар алқасының мүшелері –ЕҰУ әлеуметтік-мәденижөніндегі проректоры,  академик Дихан Қамзабекұлы, журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Сақ, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, ғалым, ақын Серікзат Дүйсенғазы және тағы дасқалар фотосуреттерді фотопортрет жанрының ерекшеліктерін, табиғат көріністеріндегі горизант, ракурс, композиция, алдыңғы және артқы план, диагоналдар ережесінің сақталуы мен кадрларды пайдалануына, тақырып, жарық, экспозиция үйлесімділігіне, суреттердің деректілігіне, түсіндірмелі, түсіндірмесіз ерекшеліктеріне қарай бағалап, 5 пен 10 арасында бал қойып отырды.

Нәтижесінде байқау жеңімпаздары «Үздік фототілші», «Үздік фотоэтюд», «Үздік фотопортрет», «Үздік фоторепортаж», «Үздік фотопейзаж», «Үздік фотоочерк» номинациялары бойынша марапатталды. «Үздік фотопортрет» жүлдесі иегерлері: Ерлан Омаров – «Егемен Қазақстан» газетінің фототілшісі Ерлан Омаров; Ғани Өмірбеков – ҚР Президентінің фототілшісі; Ербол Ерденбек– ЕҰУ фототілішісі. Үздік фотопейзаж: Ерболат Шадрахов «National Geographic» қоғамының фототілшісі; Мұхтар Холдорбеков– «Kazinform.kz» фототілшілері; Мейірбек Тажкуранов–«Жас Отан» жастар қанатының фототілшісі.

Үздік фотоэтюд: Советбек Мағзұм – «Арқа ажары» газетінің фототілшісі, еңбек ардагері; Бауыржан Жуасбаев – «Kazinform.kz» фототілшісі. Үздік фоторепортаж: Тұрар Қазанғапов– «Tengrinews» ақпараттық сайтының фототілшісі Аман Дүйсенбаев – ҚР Президентінің фототілшісі; Нариман Мырзабаев ҚР Премьер-минстрі ресми сайтының фототілшісі. Үздік фотоочерк: Доған Йылдыз– Каzaknews.kz фототілшісі; Сұлтан Сейіт – «Tengrinews» ақпараттық сайтының фототілшісі.

«Үздік фото тілші» жүлдесі барлық жанр бойынша шеберлік танытқан фото журналистерге берілді. Олар: Шүкір Шахай – ҚР Премьер-министрінің фототілшісі; Орынбай Балмұрат –«Егемен Қазақстан» газетінің фототілшісі, еңбек ардагері. Студенттер арасында үдік номинацияға қол жеткізгендер: Фото портрет: Айбын Оралбек; Сара Сахынбек; Асель Казиева. Фото пейзаж: Атабаева Камшат; Нұрғалиева Раушан; Мерей Ақылбек. Фото этюд: Гүлзада Абылқайырова; Досжан Қабдылманапов; Тоқтасын Айгерім /3 орын; Аружан Мақсұтова /3 орын.

Фоторепортаж: Рахымберді Мақсат; Аружан Серік; Қарақат Суханова; Фотоочерк: Ажар Макишева; Аружан Рахымбердиева; Шырын Халелова. Журналистика және саясаттану факультеті мен Жастар департаменті жоғары деңгейде ұйымдастырған фото-фестиваль соңы естелік суретке түсумен аяқталды. Ал байқау қорытындысы бойынша университеттің «Күлтегін» атриумында үздік жұмыстардың көрмесі ашылатынын болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий