Amanzholov University студенттері ораторлық шеберліктерін шыңдауда

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттеріне тәжірибелі оратор және жаттықтырушы-тренер Қарлығаш Дүсіпбаева көпшілік алдында шебер сөйлеу және жақсы спикер болу құпиясымен бөлісті. Amanzholov University студенттері шешендік өнердің негіздерін меңгеріп, әдемі сөйлей білу, өз ойын ашық жеткізу, көптің назарын ұстап тұру қыр-сырын зерделеді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында арнайы қонақ студенттерге риторика, шешендік түрлері, тайм-менеджмент туралы баяндады. Коуч-тренер Қарлығаш Дүсіпбаева сөйлеу композицияларын үйлестірудің және оратордың маңызды емес заттарды алғашқыларынан ажырата білу қажеттілігі туралы, сондай-ақ осы ережені сақтау заңдылықтарын атап өтті.

– Ең алдымен, Amanzholov University-ге алғыс айтқым келеді. Мен бұл университетте 1993 жылдан 2011 жылға дейін жұмыс істедім. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болдым. Бүгін мен студенттермен көріп, білгендерімнің кішкене бөлігімен ғана бөлісіп үлгердім. Студенттердің энергетикасы өте жақсы! Себебі олар қазірден бастап шешен сөйлеп, топ жаруға дайын, барлығы белсенді, – дейді Қарлығаш Дүсіпбаева.

Кездесуде студенттер толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. – Бұл тақырып маған жақын, себебі мен шешендік өнерді үйренуді жоспарлап отырмын, практикалық тапсырмалар кезінде өзіме қажетті дағдыларды меңгере алдым, – деді Amanzholov University бірінші курс студенті Дінмұхамед Тұрдәлі. Көптеген студенттерді алаңдатқан маңызды мәселе – көпшілік алдында сөйлеуге дайындық мәселесі.

Білім алушылар көпшілік алдында қандай психологиялық тәсілдер барын, тыңдаушының мәтінге қандай қызығушылық танытатынын және көпшілік алдында сөйлеу тіліне қандай талаптар қойылатынын білді. Қарлығаш Дүйсіпбаева, сондай-ақ әрбір бөлімшеде сөз сөйлеу уақытын қандай бағытта бөлу қажеттігі, спикердің рөлі мен қимылы туралы айтып берді. Кеш соңында коуч-тренер балаларға “Қарлығаш қанат қаққанда”, “Қарлығаш сабақтары: Әдемі сөйлеймін” кітаптарын ұсынды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий