ҚР Тәуелсіздігіне – 30: Біз жырлайтын тақырып…

Биылғы жыл әрине, ерекше жыл екендігі айтпаса да түсінікті. Осы айтулы жыл құрметіне яғни, біздің мектепке дейінгі тәрбие орталығында Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мәңгілік – ел «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында балабақша ішілік семинар ұйымдастырылды.

Шара бірнеше бөлімдерден  тұрды.  Атап айтсақ, Алғы сөз балабақша меңгерушісі: Еламанова Бинур Тохтасынқызы, Кіріспе сөз балабақшаның  аға әдіскері Еденбаева Зауре  Дуненбековна және балабақша әдіскері Сәрсенбаева Гүлнұр  Теңізбайқызы «Мәңгілік – ел «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында баяндама әзірледі. Баяндамада Тұңғыш  Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Мәңгілік Ел туралы айтқан мағыналы сөздері тілге тиек етілді.

Нақтырақ айтсақ, «Мәңгілік  ел – ата – бабаларымыздың сан сың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман  – әлем  елдерімен терезесі  тең  қатынас  құрып, әлем  картасынан  ойып тұрып орын  алатын тәуелсіз мемлекет  атану. Ол  арман – тұрмысы  бақуатты, түтіні  түзу  ұшқан, ұрпағы  ертеңіне  сеніммен қарайтын бақытты –  Ел болу. Біз армандарды  ақиқатқа  айналдырдық» деген сөзі бізге рух беретіні насихатталды. Сонымен қатар мәңгілік  ел идеясымен тәрбиелеген  тұлға моделі қандай болатынын да айтып өтілді. Ол біріншіден, бәсекеге  қабілетті, екіншіден, өз елінің патриоты, үшіншіден, білім  деңгейі  жоғары, төртіншіден, ұлттық  рухты болып  өседі.

Екінші бөлімде мектепке дейінгі ұйымдардағы бала тәрбиелеудің басты құралы  ол – ойын. Осы  ойын туралы балабақша әдіскері Сәрсенбаева Гүлнұр  Теңізбайқызы яғни, мен «Бала  ойлауы  және  ойнауы – тұлға дамуының кепілі» тақырыбында слайд шоу дайындадым. Онда: Ойын – балалардың негізгі іс – әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады.

Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеттері дамитындығы  баяндалды. Сол сияқты мектепке дейінгі ұйымдарда    заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтарды пайдалану.

Дамытушы орта балаға өз қабілеттерін пайдалануға, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік береді. Балалар әрекетін осындай тәсілмен ұйымдастыру нәтижеге бағытталған даму механизмін құрайды. Бала жоспарланған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады. Дамытушы орта баланы әрекетке ынталандырады, оны тұлға ретінде дамытады, қабілеттерінің ерте көрінуіне ықпал етеді.

Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар: қауіпсіз; қолжетімді; әртүрлі; мазмұнды; көп атқарымды; өзгермелі; тартымды болуы қажет – деп дамытушы ортаның пайдасы туралы  да сөз қозғалды. Және де қазіргі таңдағы 2021 – 2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатта қарастырылған  мектепке дейінгі білім беру саласының педагогтері мен басқа да қызметкерлері жұмысының негізгі қағидалары да айтылып, таныстырылды. Оқытудың кіріктірілген тәсілі; баланы толыққанды дамыту; ойын арқылы оқытуға баланы тарту; балаларға өз білімін құрастырушы ретінде қарым-қатынас жасау; маңызды өзара әрекет арқылы шынайы оқыту; инклюзивті білім беру кеңістігін құру; баланың жеке басын құрметтеу; баланы дамыту мақсатында күтім жасау.

Педагогтің құзыреттілігі: баланы дамыту мен оқытуды терең түсіну; баланың көзқарасын түсіну және қабылдай білуі; баланы мақтай білу, тыныштандыру, сұрақтар қоя білу және балаларды жақсы көру; көшбасшылық дағдылары, мәселелерді шешу және оқу қызметтерінің жоспарларын әзірлеу; сөздік қордың байлығы және балалардың ой-пікірін айту мүмкіндігі; өз тәжірибесіне үнемі рефлексия жасай білу және оны жетілдіру деп ашып, таныстырылды.

Үшінде бөлімде, балабақша тәрбиешісі: Закирова  Лаззат  Акжоловна «Тәуелсіздік – мақтанышым» деген тақырыпта слайд әзірлеп, педагогтарды балалық шаққа саяхат  жасау мақсатында «Ойын ойнап, ән салмай, Өсер бала болар ма?!» деп, педагогтармен  төмендегі ойындарды жүргізіп,бір сергітіп тастады.  «Тақия тастамақ», «Хан талапай», «Жақсы сөз-жарым ырыс», «Қазақсатан картасын құрастыру», «Зиялылар мекені» ойындарын жүргізді. Төртінші бөлімде, балабақша тәрбиешісі: Қырықбаева Гүлвира  Асхатқызы «Елбасы – еңбектері» тақырыбында қызықты шебер – сынып, бесінші қорытынды бөлімде балабақша психологы ретінде «Бізде –  бала болғанбыз!» тақырыбында тренинг  ұйымдастырдық. 

Гүлнұр  Теңізбайқызы СӘРСЕНБАЕВА,
“Күншуақ” бөбекжай – балабақшасының
әдіскері, Алматы облысының Іле ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий