Танымдық оқиғаның тәлімі

Баланың аты – жөні: Айша Алмазқызы. Жасы үште. “Көбелек” тақырыбы. Әр кез серуенге шыққанда, балалардың айналасындағы неше түрлі заттарға, құбылыстарға қызығып, өздері қалаған заттармен айналысып кететіндігін байқайтынмын. Ал, Айша өзгелерге мүлдем ұқсамайды. Себебі, мен үнемі Айша көбелекті қуып жүретінін байқайтынмын. Гүлге қонған көбелектің суретін салғысы келіп қызықтап қарап тұратын. Бір күні мен көбелекке қарап тұрған Айша: – А,  көбелекті жақсы көресің бе? – деп сұрадым.

Айша өзінің түстерді, соның ішінде көбелектің суретін салғанын жақсы көретінін айтты. Себебі, көбелектің қанаты түрлі-түсті, әдемі болып келеді,-деді. Мен Айша ақ қағаз бердім. Айша ақ қағазды ала сала қуанып кетті. Өйткені, оның көбелектің суретін қатты салғысы келгенін байқадым. Сол мезетте, Айша көбелектің  қанатын салып отырды. Тағы бір келіп қарасам, көбелектін суретін салып түрлі-түсті қарындашпен әдемі бояп жатқанын көрдім. Көбелектің суретін салғанды өте жақсы көреді, өйткені суреттегі бейнелер әдемі, түрлі – түсті көздің жауын алады.

Суретті салғанда да өзгеше салады. Бояғаны да өзгелерден ұқыпты.Салған көбелегі туралы айтып беруді сұрасаң , ол өзінің сипаттамасымен таңқалдырады. Себебі, оның қоршаған ортаға деген көзқарасы ерекше. Сонымен қатар, ол қызықты ғажайып әңгімелерді  ойлап шығарғанды жақсы көреді. Балабақшаға өзінің сүйікті ойыншықтары, көбелектің суреттерін алып келетін.  Айша маған көбелек туралы ертегісін айтып берді. Ертегі маған өте қатты ұнады. Айша көбелек туралы не білесің?- деп сұрадым. Олар қайда ұшып жүреді?  Гүлден гүлге ұшып жүреді, – деп жауап берді Айша.

–  Көбелекті қалай  сипаттай аласың?-деп сұрағанымда, денесі, басы, қанаты бар деп жауап айтты. Қанатының түстері қандай? – Қанатының түстері, қызыл, жасыл, сары түрлі-түсті деді, А. Өзі нәзік- деді. Апай, көбелек құсқа жата ма? – деп сұрады Айша. – Өзің қалай ойлайсың?-  Айша. Жоқ апай құсқа жатпайды. – Дұрыс айтасың. Көбелек- бунақденелі жәндік. Көбелек көктемде тұқым көбейтеді.   Олардың өмірі қысқа, – дедім. Айша өзінің қиялымен ерекшелендіріп, әдемі бейнелеген көбелектің суретін маған көрсетті. Сурет сондай әдемі салынған. Айша, көбелекті қалай салдың? – деп сұрадым. 

Бірінші басын, денесін салдым, сосын үлкен қанатын және кіші қанатын салдым. Бояған кезде де бірінші басын,  денесін екінші қанаттарын бояғанын айтты. Бұл нені білдіреді: Айшаның шығармашыл қабілетін, сурет салу кезінде барысында байқадым. Мүмкіндіктері: Айшаның сурет салу кезіндегі сүйспеншілігін, түстерге деген қызығушылығын, өскенде шығармашыл суретші бола алатынына сенімдімін. Ата -анаға ұсыныс: Айшаның сурет салуға деген дарынын ата – анасымен бөлісіп, мүмкіндігінше суретшілер үйірмесіне баруына ұсыныс айттым. Ата- анасы қызының қабілетін байқап жүргендігін, келешекте қолдау көрсететіндігін білдірді.

Камшат Куттыбаевна РАХИМОВА,
“Айналайын” балабақшасының тәрбиешісі,
Алматы облысындағы Іле ауданының Қосөзен ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий