ҚР кәсіподақтары күні қарсаңында: Басты мақсат қызметкерлердің мүдделерін қорғау

Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінде 2021 – 2023 жылдары Ақмола облысының білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің және кәсіподақ қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасап және шығармашылықтарын дамытуға сай өңірлік Әлеуметтік әріптестік келісім шарты бекітілді. Келісім шарт негізінде 2020 жылы аудандық және қалалық кәсіподақ филиалдарының бірқатар өңірлердегі білім беру педагог қызметкерлеріне белгіленген апталық оқу жүктемесіне сай сауықтыру жәрдемақысын төлеу сұрақтары өз шешімдерін тапты.

Өмір дерек. Бейсенбай Қадырұлы Абдрахманов 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақмола облысының білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы болып сайланды. Бүгінгі таңда кәсіптік одақтар азаматтық қоғамның және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың қалыпты негізгі құралы болып табылады.

Сонымен қатар облыстық кәсіптік одағының әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу шеңберінде әлеуметтік әріптестік, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, сотқа дейінгі жағдайларда және сотта қызметкерлердің құқықтарының мен мүдделерін қорғап қызметкерлердің кадрлық тұрақтылықтарын нығайтып тағы басқа да жұмыстарды іс жүзінде нәтижелі түрде атқаруда.

Қазіргі кезеңде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық бірлестігі 797 бастауыш кәсіподақ ұйымдарын жалпы саны 36394 кәсіподақ мүшелерінің бастарын біріктіріп басты маңызды жұмыстарды атқару үстінде.

Облыстың 17 аудандық және екі қалалық білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын реттейтін келісім-шарт жасалып, осының нәтижесінде ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге келген мұғалімдерге негізгі жалақыларына 25% үстемеақы төленеді және “Дипломмен ауылға” мемлекеттік бағдарламасы бойынша келген жас мамандарға 100 АЕК мөлшерінде төлем жүргізіледі, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй сатып алу үшін 1500 АЕК мөлшерінде көтерме қаражат беріледі. Қазақстан Республикасының “Кәсіптік одақтар туралы” заңының 18 бабына сәйкес кәсіптік одақтар әр кәсіподақ мүшесін жұмыс беруші алдында олардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғап, сотқа жүгінген уақыттарда Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кеңес көрсетіп, мүдделері қорғалады.

Облыстық кәсіподақ сан мәрте сот алдында қызметкерлердің мүдделері мен құқықтарын қорғап, тиесілі жұмыстарды атқарып қызметкерлердің 2017-2019 жылдарында нақты жүктемелеріне сауықтыруға арналған жәрдемақыларының да төленуіне өз үлестерін қоса білді. Осы іс-қимылдардың нәтижесі деуге болады: педагогикалық кадрларға іссапарлық шығындар төленіп жалақылары қайта есептеліп соттың шешімдері өзгертілді. Облыстық кәсіподақ құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыстар атқарып прокуратураға ұсыныстар жіберіп 2018-2019 жылдары педагог кадрларға заңды түрде сауықтыру жәрдемақыларының төленулеріне себепші болды.

Кәсіподақ мүшелерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясының, Салалық кәсіподақ, Заң клиникасы Ақмола облысының кәсіподақ орталығының дәріс оқушыларының (лекторлардың) қатысуларымен офлайн, онлайн режимінде семинарлық-кеңестер ұйымдастырылып кадрлардың барлық жақтан сауатты болуларыда қарастырылуда. Міне осы ағымдағы жарты жылдықта осындай аталған нәтижелі іс-шараларға білім беру саласының 1275 кадры қатысып өз білімдерін толықтырды. Осы іс-шаралармен қоса кәсіподақтар білім беру қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғап, еңбек қауіпсіздігінің сақталуын да басты назарда ұстауда.

Аудандық және қалалық филиалдардың төрағалары, еңбек техникалық инспекторлар әрқашан мемлекеттік еңбек инспекторларымен тығыз байланыста жұмыстар атқарады. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес білім беру ұйымдары қауіпсіздік және еңбекті қорғау және жыл сайынғы медициналық тексерістен өту жұмыс берушінің қаражаты есебінен өткізілуде. Қазақстан Республикасының “Педагог мәртебесі туралы” заңы қабылдануына байланысты жергілікті ұйымдар Кәсіподақ орталықтарымен бірлесе ауылдық жерлерде тұратын педагог қызметкерлерін коммуналдық қызметтердің төленулеріне қатысты нақты жұмыстар атқарылды.

2020 жылдың маусым айында Ақмола облыстық мәслихатының және Ақмола облысының әкімдігінің шешімнің қабылдануына байланысты (облыстық маңызы бар қалаларда) педагогтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында облыстық трансферттік бюджеттен коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін 15 АЕК мөлшерінде бір адамға (43 755) қаражат төленді. Бүгінгі таңда облыстағы ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мұғалімдердің жалпы саны – 11 427 адамды құрайды.

Облыстық кәсіподақ ұйымдары білім беру басқармасымен бірлесіп білім беру ұйымдары қызметкерлерін ынталандыру мақсатында мәдени – бұқаралық және спорттық жұмыстарға мән беріп, түрлі іс-шарлар өткізуден де сырт қалған емес. Жыл сайын білім беру саласы ұйымдарының қызметкерлері түрлі қоғамдық іс-шараларға қатысуда: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, мұғалімдер күні, жаңа жылдық бал және балаларға жаңа жылдық шырша мерекелері өткізіледі. Осы іс-шараларға тағы қосымша байқауларға мұғалімдер қатысып, атсалысуда: “Екі жұлдыз”,”Үздік педагог”,”Үздік кәсіподақ ұйымы”.

Осы іс-шараларға қосымша мұғалімдер арасында өткізілетін “Мұғалім” және “Ұстаз” жыл сайынғы спартакиадаларға жеті жүзден астам білім қызметкері қатысуды үрдіске айналдырған. Атқарылған іс-шаралар барысында жеңімпаздар және жүлдегерлер қаржылай және арнайы сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, көтермеленді. 017-2021 жылдары аралығында білім саласында жұмыс атқарған қызметкерлер кәсіподақ атынан ( 6673 кәсіподақ мүшесі) грамоталарымен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Білім қызметкерлерінің медициналық тексеруден өту қорытындысының негізінде санатория және демалыс үйлерімен келісім-шарт бекітіліп, мұғалімдереге 30-40% жеңілдікпен және олардың балаларына және кәсіподақ мүшелеріне демалу жолдамалары да қарастырылғын. Қазақстан Республикасының емдеу-сауықтыру орындарында 2017-2021 жылдарында барлығы – 9751 кәсіподақ мүшесі денсаулықтарын нығайтты, бұл жалпы педагогикалық қызметкерлерінің 44,3 % құрайды, жалпы айтатын болсақ кәсіподақ мүшелерінің – 74,6% назарда болды.

Кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету мақсатында олардан түскен өтініш қорытындыларына сәйкес, су тасқынынан, өрттен залал шеккендерге, жарақаттанғандарға, емделулеріне және жерлеу рәсімдеріне байланысты материалдық көмектерде жасалуда. Атқарылған іс-шаралардың қорытындылары Қазақстан Республикасының Кәсіптік одақтар Федерациясының және Салалық кәсіподақтың сайтына, әлеуметтік желідегі парақшаларына, Республикалық “Қазақстан кәсіподағы” газетіне жарияланады.

Білім саласының кәсіптік одағының іс-әрекеттері және білім беру ұйымдарымен бірлесе атқарған жұмыстарының негізі білім саласы қызметкерлерін моральдық және материалдық ынталандыру, тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен қызметкерлердің мүдделерін қорғауға бағытталған.

Ақмола облысы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий