Қостанайда Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған халықаралық конференция ұйымдастырылды
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев Қостанайдағы Ыбырай Алтынсариннің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, – деп хабарлайды осы академияның баспасөз қызметі.

Қыркүйектің 28-29 күндері Қостанай қаласында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ы.Алтынсарин және ағартушылық тағылым: тарихи өзегі, танымдық өрісі, заманауи өрнегі» атты екікүндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.
Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ректорлары мен шетелдік сарапшылар, ғалымдар қатысуда. Конференция барысында Ыбырай Алтынсарин идеялары және оның ағартушылық мұрасы, Ы.Алтынсарин мұрасын зерделеу мен насихаттаудың өзекті мәселелері және тағы да басқа тақырыптар қозғалатын болады.

Білім және ғылым министрлігі бастаған делегация өңірдегі педагогтермен және білім ұйымдарының басшыларымен, дарынды балалармен кездеседі, сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне, Қостанай жоғары политехникалық колледжіне бару жоспарлануда. Ал конференцияның екінші күні халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысы өтеді. Сонымен қатар «Үздік педагог-2021» байқауының жеңімпаздарына сертификаттар табысталатандығы жоспарланған.
Загрузка...