Бөрлі ауданының үздік педагогы бөбекжай тәрбиешісі

Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін ұлағатты ұғым. Шәкірттеріне тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. Осы ұлы есімді арқалаған ұстаздардың мерекесі қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрі еліміздің үздік педагогтерін марапаттады.

Осы марапатқа ие болғандар қатарында жергілікті білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосып,  халқына адал еңбек, қызмет жасап келе жатырған 25 жыл еңбек өтілі бар, тәжірибесі мол педагог-зерттеуші, Ақсай қаласының №3 «Гүлдер» бөбекжайының тәрбиешісі Үміт Ельжанова да бар. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға! Иә, осы қанатты сөзді арқау еткен  бөрлілік ұстаз бала тәрбиелеу жолында тыңбай еңбек етіп келеді.

Білімі мен біліктілігін үздіксіз жетілдіру барысында балалар құқығы, Дьенештың қызықты ойындары тақырыптарында жүйелі жұмыстарды атқарып, тағылымды тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Дьенештің қызықты ойындары», «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында бекітілген әдістемелік жинағын шығарды. Кейіпкеріміз жаңа заман талабына сай заманауи инновациялық технологияларды жетік меңгерген, оқыту мен тәрбиелеу барысында мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие мен оқытуды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығын сақтау және нығайтуда, баланың тілін дамытып, сөз байлығын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту барысында жаңа, заманауи инновациялық технологияларды үнемі жетілдіріп, оқыту және тәрбиелеу процесіне кіріктіріп отырады.

Сондай-ақ «Қазақстанның жаңғыруы 3.0-білімнің үлесі» педагогикалық қызметкерлердің республикалық тамыз конференциясында, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Педагогикалық шеберлік-орталығы Орал қаласы филиалының мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған онлайн семинарда, Батыс Қазақстан облысы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының біліктілікті арттыру курсында, облыстық эксперимент алаңдары ашылған мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Бәрін білгім келеді зертханасы – іс жүзінде» тақырыбындағы семинар-практикумында тәжірибелерімен бөлісіп, байқауларда үнемі жүлделі орындарға ие болып келеді.

Батыс Қазақстан облысы білім
басқармасының 
Бөрлі ауданындағы
білім беру бөлімі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий