Ақмолалық педагогтар республикадағы үздіктер қатарында

Қостанай қаласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің үздік педагогтеріне «Үздік педагог» төсбелгісін салтанатты түрде табыс етті. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ұлы ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсаринның 180 жылдығына орай ойластырылған, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.


Республикамыздың үздік педагогтарының ішінде біздің ақмолалықтар: Жақсы аауылындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ляззат Байсеркеқызы Қасқаева және Көкшетау қаласының «Өркен» бөбекжайының музыкалық жетекшісі Корябкина Ольга Владимировна бар. Жеңімпаздарды жоғары марапатпен құттықтап, кәсіби салада шығармашылық жетістіктер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий