Ұлағатты ұстаздықтың жемісі…

Ұстаздар әулетінен шыққан «ұстаздардың ұстазына» айналған Орынбеков Арман Шымбайұлының бабасы Ұлы Отан соғысының ардагері, ардагер-ұстаз Мұсалиев Орынбек Исалыұлы, соғыстан кейінгі өмірін ұстаздық қызметке арнап, зейнеткерлікке шыққанға дейін мектеп директоры болса, әкесі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Орынбек Шымбай және 40 жылға жуық өмірін ұстаздыққа арнаған анасы Орынбекова Сара да – ұлағатты ұстаздар.

Ал, кіші ұлы Шымбай Сайып-Қыран да биылғы жаңа оқу жылында ұстаздық қызметін бастады. Бір қызығы, ұстаздар әулетінің білім алған ошағы – Шымкент қаласы педагогтерінің «қара шаңырағы» саналған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (бұрын Шымкент педагогикалық институты) болып табылады.

Ұстаздықты әулетінің киелі дәстүріндей қабылдап, жүрек қалауымен таңдап алған Арман Шымбайұлы ұстаздық жолын тарих пәнінің мұғалімі бола жүріп, түрлі білім беру ұйымдарында шыңдады. Шымкент қаласындағы мықты білім беру ұйымының бірі саналатын Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында да қызмет еткен кездерінде өзінің терең білімімен, жоғары кәсіби біліктілігімен ерекшеленіп, шәкірттері қала, республика, тіпті, халықаралық деңгейдегі түрлі байқау, олимпиада және ғылыми жоба конкурстарында жүлделі орындарды иеленіп, ұстаз мәртебесін асқақтата түсті.

Ұстаздықпен қатар, өз білімін үнемі жетілдіре жүріп, түрлі конкурстарға да қатысып, ұстаздық шеберлігін шыңдады. Ізденісін оқу-әдістемелік құралдар шығарумен де ұштастырды. Терең білімінің арқасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығына тест тапсырмаларын әзірлеуге және сараптама жасауға шақырылып, қазіргі уақытта да осы үрдісті жалғастыруда. Бойына ұстаздықтың қыр-сырын және көшбасшылық дағдыларды толығымен қалыптастырған Арман Орынбеков конкурстық жолмен қазіргі таңда Шымкент қаласының үздік білім ордасының бірі болып саналатын, 2021 жылы «Қазақстанның үздік 100 олимпиадалық мектебінің» қатарына енген №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры болып тағайындалды.

2012 жылы ашылғаннан бастап басшылық жасап келе жатқан №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназияның тоғыз жылдан астам уақытта қол жеткізген жетістіктерімен жарты ғасырлық тарихы бар небір гимназия, лицей мәртебесіндегі білім беру ұйымдарын артта қалдырып, Шымкент қаласындағы 140 мектептің арасында ҰБТ нәтижесі бойынша көш бастаған үздік үштік қатарынан жыл сайын көрінуі, БИЛ, Назарбаев Зияткерлік мектептерімен білім сапасы бойынша теңесе алуы – республикадағы Үшінші Мегаполис саналатын Шымкент қаласы үшін үлкен мәртебе.

Арман Орынбековтың әді

стемелік кеңес беруімен 90-ға жуық оқу-әдістемелік құралы шығарылса, білім сапасын көтеру мақсатында әр тоқсан сайын жоспарлы түрде әкімшілік бақылау жұмысы ТЖБ-мен біріктіріліп алынады. 2012 жылдан бастап, сол қолмен жазу сынып сағаттарына 10 минут көлемінде енгізіліп, бала миының жартысын дамытуға үлкен ықпалын тигізуде. Абайдың қарасөздері аптасына бір рет бір мезетте бес жүз оқушының қатысуымен талданып отырды, қазіргі уақытта карантинге байланысты аптасына 1 рет бір мезетте 50 баламен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Бұл үдеріс мектеп ашылғалы бері жүйелі жолға қойылған.

Мектеп директоры және тарих пәнінің мұғалімі Орынбеков Арман Шымбайұлы Қазақстан Республикасының «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы атанып, Үздік ондыққа еніп, Лондон қаласында өткен «Әлем мұғалімі – 2020» және «Әлем мұғалімі – 2021» жүлделерінің іріктеу кезеңдеріне қатысуға жолдама алды. Арман Шымбайұлының ҚР БҒМ-нің Ы.Алтынсарин төсбелгісіне, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» Құрметті атағына педагогтер арасында тұңғыш рет ие болуы да – әулетінің ұстаздық ұлағатының жемісі. Тарихтан көптеген танымал тұлғалардың тағылымы мол, бір кәсіптің майталмандары болған әулеттен тарағаны белгілі.

Ұстаздықтың жауапкершілікке толы ауыр жүгін арқалай жүріп, өзгенің баласына да, өз балаларына да ұлағатты әке бола алған Арман Орынбековтың адамгершілік болмысы да жоғары. Отбасындағы 2 ұл, 4 қызына да уақыт тауып, өзінің әкелік тәлім-тәрбиесіне бөлеуді ұмытпайды.

Шымкент қаласының білім бөлі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий