Ұлағатты ұстаз – ұлт мерейі
Қоғамның басты байлығы – адам, ал сол адамды тәрбиелейтін «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан», – деген дана Абайдың ұлы сөзі бар. Ұстаз – келер күннің ұстасы. Өскелең ұрпақтың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі, осындай ұстаздың бірі – «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасының, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «2019 жылдың үздік педагогі» байқауының жеңімпазы, «Үздік педагог» төсбелгісінің иегері. 2019 жылы Қазақстанның ең үздік 10 мұғалімі қатарына еніп, «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының номинанты Айгуль Калмаханова.
Айгуль Базарбайқызы 1997 жылдан бастап 14 ұлттың өкілі тәрбиеленіп жатқан Жамбыл ауданындағы Баймырза Бесбаев атындағы мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, қызметін атқарады. Ол – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын әр шәкірттің бойына сіңіріп жүрген аяулы ұстаз. Еліміздің біртуар перзенті Ж.Аймауытовтың «Білімнің қайнар көзі сарқылмайды, білім жолында адамзат қандайлық зор табыстарға ие болса да, адамдар ізденуден, ақиқатты ашудан және танып білуден еш айнымайды», – демекші, ол үнемі ізденіс үстінде жүретін, жаңалыққа жаны құмар, жаңашыл ұстаз.
Тынымсыз еңбегінің нәтижесінде «Как усовершенствовать речевые навыки на уроках русского языка», «Практикум по развитию грамотности чтения» атты оқу- әдістемелік кешендері, «Планирование уроков русского языка и литературы в рамках обновленного содержания образования», «Особенности составления заданий для суммативного оценивания по предмету «Русский язык и литература» (для 9 классов общеобразовательной школы), «Сборник заданий для суммативного оценивания по предмету «Русский язык» (с нерусским языком обучения) для начальных классов», «Сборник заданий для суммативного оценивания по предмету «Русский язык и литература» (для 5-10 классов общеобразовательных школ), «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы», «Карусель идей» (сборник коучингов, мастер-классов), «Развитие читательской компетенции учащихся 4 классов» атты әдістемелік нұсқаулықтары жарық көрді. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру бағыты бойынша «Уроки-помощники» атты әлеуметтік жоба және электронды оқулығы білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуына оң ықпалын тигізуде.
Халықта «Жаңа адамды жаңашыл мұғалім ғана тәрбиелейді», – деген ұғым бар. Кейіпкеріміз білімі мен біліктілігінің арқасында 2016 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептері Педагогикалық шеберлік орталығында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курсының тартылған тренері ретінде ұстаздардың кәсіби шыңдалуына ықпалын тигізіп жүр.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау», – деп француз ойшылы Жан жак Руссо айтпакшы, ұстаз еңбегі ерен. Осындай ерен еңбектің нәтижесінде, 2016 жылы қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша 1-сынып мұғалімдер арасындағы «Бірінші сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулықтар: «Ойнай отырып оқимыз» республикалық бейнесабақ байқауында І орынды, 2017 жылы республикалық «Педагогикалық идеялар» фестивалінде ІІІ орынды, «Үздік орыс тілі пәні мұғалімі-2018» республикалық байқауында және «ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасында жүлделі І, ІІ орынды, ІІІ республикалық «Инновациялық идеялар» байқауында І орынды иеленді.
2020 жылы республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының жүлдегері атанды. Жаңалыққа жаны құмар тұлға әрқашан шығармашылық ізденісте, әрбір өткізген сабақтары – соған дәлел. Ол оқушыларын білімділікке, ізденімпаздылыққа, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулиды, сондықтан көптеген оқушылары түрлі білім сайыстарының жүлдегерлері. 2017-2021 жылдары аралығында 24 оқушысы халықаралық «Русский медвежонок – Языкознание для всех» байқауының, төрт оқушысы ХVІІІ М.В.Ломоносов атындағы халықаралық турнирдің, 4 оқушысы ІІ халықаралық «Be Clever» қашықтық олимпиадасының жеңімпаздары. 2020-2021 оқу жылында 5-сынып оқушысы Тұрсынбек Нұртөре 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» ХVІ республикалық конкурсының жүлдегері атанды.
А.Калмаханова өз ісіне жауапты, адамдармен оңай тіл табыса білетін, ұжым арасында сыйлы, оқушылардың құрметіне бөленген жан. Білім беру саласын дамыту мен жетілдіруге, өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беруге бағытталған жұмыстарды жауапкершілікпен атқарып келеді.
Жамбыл облысы әкімдігібілім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті
Загрузка...