Білім саласындағы бала жанының бағбандары

Ғасырдан ғасырға қайсар рухты ұл, инабатты қыз тәрбиелеп, оларға бесігінен елі   мен жеріне қорған болар қасиет дарытып келе жатқан мектепке дейінгі білім саласындағы бала жанының бағбандары!

Манара АДАМОВА

Сіздерді төл мерекелеріңіз, Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Дендеріңізге саулық, отбасында амандық, ұжымда бірлік, өлшеусіз еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Болашақтың іргесін сәбилеріміздің  саналы тәрбиесі мен сапалы білімі арқылы қалап келе жатқан балабақша тәрбиешілері мен педагогтері тек мереке күні ғана емес, әрбір атқан таңда құрмет көрсетуге лайық екенін жеткіземін және алғысымды білдіремін.

Төл мерекелеріңіз құтты болсын, жандарыңызға шуақ, көңілдеріңізге қуаныш сыйласын !

Сіздерге деген құрметпен,
«Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығының
директоры Манара АДАМОВА

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий