Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет

«Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі – ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтаулар мен теңеулерді жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі ешқашан толастамайды. «Ұстаздық – ұлы іс» деген екен кемеңгер жазушымыз М.Әуезов. Мұғалім мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет.

Әсел МУХАМЕТЖАНОВА

ХХІ ғасыр – ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры. Сондықтан бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүнежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, еңбек етуге дайындайды. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу мұғалімнің өзінің жан-жақты білімдарлығымен, тұтас дүниетанымының болуымен, ой-өрісінің кеңдігімен тікелей байланысты. Еліміз күн сайын ақпараттық дәуірдің жаңашылығынан қалыс қалмай, әртүрлі мүмкіндіктерді сыйға тартып жатыр. Осы үрдістен шет қалмай, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы да еліміздегі педагогтерге арналған, олардың құзырлығын дамытуда үздіксіз оқыту бойынша түрлі бағытқа негізделген тегін курстар әзірлеп, оқытады.

Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек» дейді, ал осы талапты іске асыруда «Өрлеу» ұйымдастырған курстарға қатысу арқылы мұғалімдер өзара тәжірибе алмаса отырып, жаңаша білім беру дағдыларын игеруде. Бұл – біз үшін қуантарлық жайт.

Қымбатты ұстаздар! Сіздерді келе жатқан төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Ұстаздардың қоғам мен адамзат алдындағы еңбегі өлшеусіз, өскелең ұрпақ тәрбиелеу жолындағы атқарып жатқа істеріңіз жемісті, оқу жылы толағай табыстар мен жетістіктерге толы болсын. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілеймін!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ
басқарма төрайымы Әсел МУХАМЕТЖАНОВА

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий