“Елбасы академиясы” КҚ жобаларының нәтижелері бойынша сырбойылық оқушылар үздіктер шоғырында

“Елбасы Академиясы” корпоративтік қорының басқарушы директоры Ануар Жангозин Қызылорда облысында іс-сапармен болды. Сапар барысында ол аймақтағы білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымовамен кездесті. Кездесуде облыста жүзеге асырылып жатқан “Ел үміті” жобасының барысы, оның ішінде ауыл мектептеріндегі балаларға арналған “Мың бала” ұлттық зияткерлік олимпиадасы мен “Елбасы медалі” жобасының тиімділігі және оның жүзеге асырылуы сөз етіліп, “Елбасы академиясы” алдағы уақытта жүзеге асыратын “Қабілет”, “Бірге оқу” жобалары бойынша бірқатар мәселелер талқыланды, – деп хабарлайды Қызылорда облысындағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Кездесуде “Елбасы академиясы” КҚ басқарушы директоры “Ел үміті” жобасы аясында Қызылорда облысы оқушыларының белсенділігі мен білімділігін ерекше атап өтті. – 2020 оқу жылынан бастап облыста “Мың бала” ұлттық олимпиадасы жүзеге асырылуда. 2 жылдың қорытындысымен 27452 бала олимпиадаға қатысып, 641 бала 2-ші кезеңде бақ сынады. Жеңімпаз ретінде 174 оқушы анықталып, 50 оқушы мамандандырылған мектептерге қабылданды. Олимпиада қорытындысымен Қызылорда облысы үшінші орынды иеленіп отыр. «Елбасы медалі» жобасына – 724 бала қатысып, аталған жылдан бері оның 254-і қола медальға, 1-і күміс медальға иегер атанды. «Елбасы медалі» жобасына қатысушылар арасынан 62 бала грант иегері атанып, Қызылорда облыстар рейтингісінде Іүшінші қатарға көтерілді. Бұл үлкен жетістік!”, – деді Ануар Қанатұлы. 

Кездесу соңында “Елбасы медалі” жобасының 7 қола, 1 күміс медаль иегерлері марапатталды. Қордың басқарушы директорының сапары “Мың бала” олимпиадасының жеңімпаздары білім алатын №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты жұмысымен танысуға ұласты. Естеріңізге сала кетейік, аталған білім ордасында “Мың бала” олимпиадасының қорытындысымен 17 бала білім алуда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий