ҚР кәсіподақтары күні қарсаңында: Ұйымшылдыққа ұмтылған ұтады

Біздің жергілікті ұйымға 59 бастауышқа біріккен 4183 білім саласының қызметкері мүше. Ауданда ауылды жерде жұмыс істейтін педагог мамандарға 25 пайыздық қосымша ақы, педагогикалық қызметкерлерге бір реттік коммуналдық қызмет үшін әлеуметтік көмек ретінде 4 АЕК яғни, 11 100 теңге қаржы төленуде. Пән бірлестігіне жетекшілік ететін 168 мұғалімге жалпы сомасы 744 000 қаржы төленуде.

Жұмыс ауқымының кеңеюіне байланысты есепші мамандарға 50%, кітапханашыларға қаңтар айынан бастап отыз бес пайыз қосымша ақы төленіп келеді. Кәсіподақтың былтыр келтірген экономикалық эффектісі 27 миллион теңгеден аса қаражатты құрады. Бұл игі істер жергілікті атқарушы органдармен келіссөздер арқылы шешімін тауып отыр. «Біз біргеміз!» республикалық акциясына белсене қатысып, білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне үш мың дана маска тігіп, үлестірді.

Шығын сметаларындағы сауықтыру, мәдени-көпшілік және спорттық шараларды мейлінше оңтайландырып, үнемделген 6 миллион теңгеге 32 ноутбук берді. Барлық білім ұйымдарына 455 жылжымалы кварц-лампа мен бес жүз дана антисептикалық кілемше таратылды. Кәсіподақ бастаған «Біз біргеміз!», «Жүрек жылуы», «Мейірімділікпен бірлікке!» акциялары аясында Атқару комитетінің шешіміне сәйкес аз қамтамасыз етілген, әлжуаз топтағы 184 әріптесімізге азық-түлік түрінде 3 260 100 теңге жәрдем көрсетілді.

Денсаулықтарына байланысты қиын жағдайға түскен 92 әріптесімізге ел мың теңгеге дейін материалдық көмек көрсетілді. Коронавирустық инфекциядан кейін кәсіподақ мүшелерінен денсаулықтарын түзеуге сауықтыру шипажайларына сұраныс күшейіп, 190 кәсіподақ мүшесі елу пайыз жеңілдікпен емделуге жіберілді. Сондай-ақ, Алакөлде елу, Ыстық көл жағалауына 50 кәсіподақ мүшесі сауықтырылды. Түркістан қаласына саяхатқа кәсіподақтың жүз елу мүшесі барып қайтты.

Б.Момышұлы атындағы орта мектептің кіші қызметкері Г.Саркулованың және Р.Смаилов орта мектебінің мұғалімі К.Сегізбаеваның үйі өртенуіне байланысты «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізіліп, әріптестеріміздің үйлері көптің көмегімен қалпына келтірілді. Төтенше жағдайға қарамастан кәсіподақ мүшелерін құттықтау, марапаттау шараларына тоқтау болған жоқ.

Бұған кәсіподақтың жастар қанатының мүшелері мен волонтерлар тартылды. Ұстаз мәртебесін көтеру мақсатында Тамыз кеңесінде жиырма педагогқа 100 000 теңгеден, ұстаздар күні кәсіби мерекесінде 13 педагогқа елу мың теңгеден қаржылай сыйақы берілді. Бұл ұстаздар қауымына тек шығармашылық шабыт қана сыйламай қоғам алдындағы жауапкершіліктерін де арттыра түскені сөзсіз.
Айнұр БАЙМҰРАТОВА,
Т.Рысқұлов аудандық комитетінің
төрайымы, Жамбыл облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий