Бүлдіршінмен серуен кезінде болған жағдаят

Баланың аты-жөні: Ұзақбай Ескендір. Жасы үште. “Менің көктемгі еңбегімә тақырыбындағы танымдық оқиғаның ең басты және кішкентай кейіпкері. Түскі  серуен кезінде бағбан атамыз балабақша ауласында гүлдердің ұрығын отырғызып жүргенін көріп, балалардың барлығы сол бағбан атаның қасына жиналып қарап тұрғанын байқап қастарына бардым. Ескендір есімді бала бағбан атаның қолындағы гүлдің ұрығын сұрады. Өзінің бау-бақшаны күтіп баптағанды ұнататынын, гүл ұрығын отырғызғысы келетінін айтты.

Мен Ескендірдің бау бақшаға күтім жасағанды ұнататынын байқап,әрі қарай қызығушылығын дамытқым келді. Ескендірге екеуміздің аулаға гүл отырғызатынымызды айтқанда, баланың көзінен қуанғанын, қызығушылығын көрдім. Ескендір екеуіміз гүлдің ұрығын отырғызбас бұрын, мен Ескендірге қауіпсіздік ережесін түсіндірдім. Содан кейін гүл отырғызатын орын дайындадық. Топырағын қопсытып алып, гүлдің ұрығын септік. Артынша, Ескендір гүлді суарды. Осы жұмыс кезінде мен баланың еңбекке деген, бақшаға, гүлге деген қызығушылығын, танымын байқадым.

Топқа келгенде Ескендірге түймедақ гүлін отырғызғанымызды айтып, оның суретін, құрылысын көрсеттім. Ескендір түймедақ гүлін жапсырғысы келетінін айтты. Қызығушылығы мен шығармашылығын әрі қарай дамыту үшін мен Ескендірге түймедақ гүлін жапсырттым. Керекті ресурстарды дайындап бердім. Ескендірге гүлді жапсырған ұнады.Ол анасына осы гүл туралы және гүлді өз үйінің ауласында отырғызатынын айтты. Ескендір сен нені жапсырдың? Апай, мен түймедақ гүлін жапсырдым.

Сен түймедақ гүлі туралы не білесің? Оның қандай пайдасы бар? Түймедақ гүлдің емдік қасиеті бар, мысалы  тамақ ауырғанда ауыз-қуысын шайқайтынын айтады.  Түймедақ гүлі бақшада өсетін болса, ол балабақшамызға әдемі көрік  береді. Дұрыс айтасың, жарайсың! Сен түймедақ гүлін қандай түспен жапсырдың? Гүлдің түсі ақ ортасы сары сабағы мен жапырағы жасыл түспен жапсырдым. Апай, осы суретімді анама көрсетсем болама?-деп өтінді. Мен: Әрине болады, ол сенің қызығушылықтан туған еңбегің, жарайсың!, – дедім.

Ескендірдің жасаған жұмысына достары да қызыға қарады. Мен балаларға осы түймедақ гүл жапсыру тақырыбына оралатынымызды айттым. Менің: Жапсырған гүлің әдемі шықты!, – деген мадақтауыма Ескендір риза болды. Бұл нені білдіреді? Табиғатқа деген танымын, балабақшаның айналасы әдемі көрік беруі үшін ұнататынын, еңбекқор екенін білдіреді. Мүмкіндіктері: Табиғатқа деген қызығушылығынан туған біліміне, еңбекқор екеніне.  Жарайсың, болашақта еңбекқор болатынына, өзіңе де өзгеге де қамқор болатыныңа сенемін!

Ата-анасына ұсыныс: Ескендірдің түрлі-түсті қағаздан жапсырған «түймедақ гүлін» ата-анасына көрсету арқылы, болашақта жақсы шығармашыл, қиялшыл бала болатынын ескерттім. Таза ауада жиі серуендеп, түрлі еңбек әрекетіне , әрі қарай өз қиялынан туған туындыларын шыңдауда үнемі қолдау көрсету керектігін айттым. Ата-анасы, Ескендірдің  қабілетін үнемі бақылап жүретінін, келешекте қолдау  көрсететінін білдірді.

Түсініктеме. Түскі  серуен кезінде  бағбан атамыз балабақша ауласында гүлдердің үрығын отырғызып жүргенін көріп, балалардың барлығы сол бағбан атаның қасына жиналып қарап тұрғанын байқап қастарына  бардым. Ескендір есімді бала бағбан атаның қолындағы гүлдің ұрығын сұрады. Өзінің бау-бақшаны күтіп баптағанды ұнататынын, гүл ұрығын отырғызғысы келетінін айтты. Мен Ескендірдің бау бақшаға күтім жасағанды ұнататынын байқап, Ескендіргеге танымдық оқиға жазуды ұйғардым.

Себебі, мен Ескендірдің бау бақшаға күтім жасағанды ұнататынын  және қызығушылығын байқадым. Содан соң, тұйық ұл екенін аңғарып,оның қызығушылықтарын зерттеу мақсатында ашық сұрақтар қоя отырып, бақылауды жүзеге асырдым, Ескендірдің ортада өзін еркін сезінуін қалыптастырдым. Өйткені, Ескендірдің жауаптарынан оның қабілеті мен есте сақтауы жақсы дамығанын байқалып тұрды. Ескендірге мен қойған сұрақтарға зейінмен, ойланып жауап бергені маған ол ұлды әрі қарай зерттеуге ықпал етті.

Сондықтан тәжірибе жасап, зерттеушілік қызығушылығын  одан әрі дамытуды оның өзіне сенімділігін қалыптастыра отырып, коммуникативтік дағдысын жетілдіруіме танымдық оқиға жазу септігін тигізді. Танымдық оқиға жазған кезде жаппай бақылау және заттық кеңестік саралау стратегиясы көрініс табылды. Кері байланыс әдісін қолдандым. Ашық сұрақ қою арқылы, Ескендір көктем мезгіліндегі еңбект  туралы білді. Көктем мезгілінде айнала әдемі болу үшін бақшаларға талдармен гүлдер егуін, соны мен қатар еңбек ол денсаулыққа пайдасы мен кері әсері жайлы түсіндіріп бердім.

Сол арқылы Ескендірдің  білімін толықтыруыма көмек берді. Баламен сөйлесу, әңгімелесу, шығармашылығын дамытудың  нәтижесінде гүлдің ұрығын отырғызу  туралы көптеген мағлұматтар меңгертіп, түсінгеніне көз жеткіздім. Тәжірибе жұмысын ресурстар  арқылы  сараладым. Танымдық оқиға Ескендірдің  өзіне  деген сенімділігі артып, өз ойын пікірін білдірді, тілдік дағдысы дамыды. Бақылау арқылы көзімен көріп, қолымен ұстай отырып шығармашылығын арттырды.

Тәжірибе жасауда қызығушылығы артып, зерттеулік дағдысы дамыды. Жүргізген жұмыстар баланың дамуына көмектесті. Бала өз еркімен зерттеу жұмысын жүргізе алатын болды. Осы жүргізілген жұмыстарға баланың жеке дамуына танымдық қызығушылық мүддесіне, сыни ойлауына, коммуникативтілігіне, нәтежеге қол жеткізуіне, диаолог және ашық сұрақтар қою арқылы қол жеткіздім. Ескендірдің қызығушылығын одан әрі жетілдіріп зерттеу мақсатында ата-анасымен бірігіп болашақта жұмыс жасаймын деп жоспарлап отырмын.

Ляззат Ерболовна МАНКЕЕВА,
“Айналайын” бөбекжай-балабақшасының
тәрбиешісі, Алматы облысының Іле ауданы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий