ҚР кәсіподақтары күні қарсаңында: Жас келсе, іске

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай  Қазақстандық  кәсіподақ федерациясы мен «Келешек» жастар кеңесі ұйымдастырған «30 еңбек елшісі» атты республикалық  байқауға  еліміздің түкпір-түкпірінен 35 жасқа дейінгі жас мамандар қатысып, бағын сынады.

Ақмола облысы жастары атынан «30 еңбек елшісі» жобасына қатысу құрметіне Жарқайың ауданы Ш.Уәлиханов орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нұрова Айнагүл Тоқтарқызы ие болды. Қазақстандық салалық кәсіподақ төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызы жобаға қатысушы білім саласының  белсенді жас мамандарымен кездесіп,  жастарды Алғыс хат, ақшалай сыйлық сертификаттарымен марапаттады.

Әріптесіміз Айнагүл Тоқтарқызына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хаты және сыйлықақысы табысталды.  Айнагүл  Тоқтарқызы жобадан алған әсерімен бөлісіп,облыс намысын қорғау жауапкершілік, үлкен құрмет екенін, жоба арқасында өзімен пікірлес жастармен танысқанын,алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін белсенділік танытып, болашаққа нық сеніммен қадам жасауға жастарды шақыратынын, жоба өзі сияқты жас мамандарға бір серпіліс бергенін айтты.

Роза Есламбековна САДВАКАСОВА,
Жарқайың филиалының
төрайымы, Ақмола облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий