Елбасы академиясы: Қазалы ауданындағы мектепке 2 миллион теңгенің сертификаты табысталды

“Елбасы академиясы” КҚ-ның басқарушы директоры Ануар Жангозиннің Сыр өңіріндегі іс-сапары Қазалы ауданында жалғасты. Қор директоры “Мың бала” олимпиадасында және өзге де жобаларда белсенділік көрсетіп, республикалық дәрежеде ең үздік нәтиже көрсеткен Ержігіт Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейіне барып, ұжымымен кездесті, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мектептің “Мың бала” олимпиадасы бойынша қол жеткізген жоғары дәрежелі жетістігін тіліне тиек еткен Ануар Қанатұлы өз сөзінде “Бұл – еліміз бойынша мектептер арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Бүгінгі қол жеткізген жетістіктеріңіз өңірлеріңізге толайым табыс әкеліп, оқушылардың білім алуына жағдай жасалып отырғанының дәлелі болып отыр. Мұның бәрі ұлағатты ұстаздардың оқу үрдісінде заманауи озық технологияны тиімді пайдаланып, жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданғанының көрінісі. Ұстаздар күні қарсаңында құрмет көрсетіп, өңірлеріңізге келгеніме қуаныштымын!”, – деді.

Аталмыш мектепте сынақтан сүрінбей өткен 66 финалист пен 21 жеңімпаз білім алуда. Жобаға қатысқан балалар мен ұстаздардың еңбегін бағалап, білім додаларында жоғары нәтиже көрсеткен білім ошағын жетістіктермен құттықтаған Ануар Жангозин мектепке 2 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Айта кетейік, «Мың бала» олимпиадасына Қызылорда облысындағы ауыл мектептерінен шыққан 5, 6-шы сыныптың 5158 оқушысы қатысты.

Олардың 99-ы жеңімпаз атанған. 6-шы сыныптар бойынша аймақтағы 29 жеңімпаз оқушы еліміздің жетекші білім ошақтарына түсті. Сонымен қатар Елбасы Академиясының “Birge oqý” онлайн мектебінде олимпиаданың Сыр өңіріндегі 356 финалисті білім алуда. Олар өңірлік Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Республикалық физика-математика мектебінің және Нұр-Сұлтан қаласы лицейлерінің білікті ұстаздарынан қосымша дәріс алуда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий