Ел тәуелсіздігі бала көзімен

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Жас өрендер туған жеріне деген құрметін және мақтаныш сезімдерін түрлі түсті бояулар арқылы жеткізе білді. 7-8 сынып оқушылары мектеп ауласын ғажайып туындыларымен көркемдеп, көпшіліктің патриоттық рухын оятты.

Балалар шығармашылығында ел егемендігі, біртұтастығы, жасампаздық, бірлік секілді құндылықтар көрініс тапты. Айта кетейік, шара дене шынықтыру және өнер бірлестігінің онкүндігі аясында өткізілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий