Ауылдық мектептер – басты назарда

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов біздің аймаққа сапары барысында Қостанай ауданының Мичурин жалпы білім беретін мектебіне барып қайтты. Ыбырай Алтынсарин қазақ ағартушылығы мен ұлттық мектептің қалыптасу тарихында терең із қалдырған. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және бүкіл республика облыстарының білім басқармаларының басшылары Қостанай жерінің ұлы перзентінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, – деп хабарлайды осы өңірдегі білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Бұдан кейін министр Қостанай ауданының Мичурин ауылдық мектебіне барып, сабақтарға қатысып, оқушылар мен педагогтермен сұхбаттасты. Сапар барысында Асхат Аймағамбетов қауіпсіз және сапалы білім беру ортасын құру маңыздылығын атап өтті. Мичурин мектебінде бейнебақылау жүйесі, турникет және дабыл түймесі бар. Педагогтер мемлекеттің ауылдық мектептері үшін көптеген іс тындырылғанын айтты. Мысалы, Мичурин мектебінде соңғы екі жылда компьютерлік парк жаңартылды, шеберханаларға жаңа жабдықтар жеткізілді, мектеп кітапханасы, спорт жабдықтары жаңартылды.

Биылғы жылы облыста жалпы сомасы 5 млрд. теңгеге 82 ауылдық мектебі жаңғыртылды, 2025 жылға дейін тағы 325 мектеп жаңғыртылатын болады. Қостанай облысына сапары барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов облыс орталығының № 27 жалпы білім беретін мектебіне барып, педагогикалық жұртшылықпен кездесті. Білім басқармасының басшысы Зәуре Әнуарбекқызы Байменова облыстық білім беру жүйесінің дамуы мен перспективаларымен таныстырды.

Облыс педагогтері Ыбырай Алтынсариннің мұрасын сақтап және арттыра отырып, жаңа әдістемелер мен жобаларды белсенді енгізуде, өздерінің кәсіби шеберлігін арттыруда. Қостанайлық мұғалімдер жаңа «Әліппенің» авторлары атанды, облыс оқушылары РISA және ТIММS халықаралық зерттеулерінде, республикалық олимпиадаларында тұрақты түрде жоғары орындарды алып жүр. Облыстың білім беру саласында 21 мыңнан аса педагог, тәрбиешілер, өндірістік оқыту шеберлері еңбек етеді.

Қостанай облысының педагогтерімен болған кездесуде мұғалімдерді толғандыратын білім берудің өзекті мәселелері көтерілді. Ашық диалогта Асхат Аймағамбетов білім беру саласының даму перспективаларын көрсетті, «Педагог мәртебесі туралы» заңның және жаңартылған білім беру бағдарламасының іске асырылуы туралы айтып берді. Министр: “Президент өз Жолдауында толық жинақталған мектептердің жан басына шаққандағы қаржыландыруға біртіндеп көшуі туралы айтты.

Жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу директорларға мектептердің нағыз иесі болуға, қажеттілікті айқындауға және қаржыны дамытуға қосуға мүмкіндік береді” деп белгіледі. Кездесуде мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ерте дамыту, педагогтер мен білім беру ұйымдарын аттестаттау, көпшілікті толғандыратын педагогикалық қайта даярлау тақырыптары қозғалды.

Сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелері, мектептерде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытудың маңыздылығы талқыланды. Колледждердің педагогтері колледждерді заманауи жабдықпен жабдықтауға мүмкіндік беретін «Жас маман» жобасын қолдады, жобаны іске асыру бойынша тәжірибелермен бөлісті. Білім министрімен мұндай ашық диалог педагогтерге өз көзқарасын білдіруге, білім беру жүйесінің даму перспективаларын, бағыттарын көруге мүмкіндік берді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий