Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен құттықтаймын! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы – адам болса, сол «адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» дейді хакім дана Абай.

Тимур НҰРКЕШОВ

Жаһанданудың қазіргі талаптарына білім деңгейі жоғары ұлттар ғана жауап бере алады. Сондықтан білім саласы – елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала.

Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда. Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты әрі дарынды шәкірттеріңіз көбейе берсін!

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілеймін!

Ізгі тілекпен,
Тимур НҰРКЕШОВ,
«Дарын» РҒПО директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий