Спецвыпуск «Бiлiмдi ел – Образованная страна» ко Дню учителя: Костанайская область

Мектептегі ізденістен басталады

Мен мықты білім ордасында жұмыс істейтініме мақтанамын. Басты ұстаным – дамыған технологиялар ғасырында әлеуметтік ортасы нақты, ақпараттық, медиа-сауатты, ғылымға терең негізделген білімді өз бойына сіңірген жас- тарды қалыптастыру. Осы мақсатқа жету жолында мектебіміз көптеген қызметтер атқаруда. Бұл сөзіме оқушыларымыз бен әріптестеріміздің жетістіктері нақты дәлел болады.

Өткен оқу жылы барысында біздің 8-ші сынып оқушысы Николай Ибрагимов ғылыми жетекшісі, аймағымызға танымал парасатты педагог Нугуманова Карина Ансагановна мен мектеп басшылығының жан-жақты қолдауымен Ресей елінде ұйымдастырылған «Адам – Жер – Ғарыш» оқушылар мен жастардың ғылыми зерттеу жобаларының байқауы немесе «Шоқжұлдыз» (Созвездие) халықаралық сайысында республикамыздың намысын лайықты түрде қорғап, негізгі бас жүлдемен марапатталды. Шәкіртіміздің озық атануы, ең алдымен, ғылымға құштарлығы, сонымен қатар мектеп басшысының білім жолында қойған нық жоспары және ғылыми жетекшісінің бағытбағдарымен ізденістерін жетілдіруі. Осы олимпиадада республика намысын тек үш оқушы ғана қорғағанын айтсақ та жеткілікті.

Мектеп оқушылары мен педагогтері ІТ бағыты мен ғылым саласының басқа да бағыты бойынша жыл сайынғы өтетін халықаралық және республикалық конкурстар, олимпиадалар мен ғылыми жобалардың тұрақты түрдегі қатысушылар әрі жеңімпаздар қатарын жиі толықтырып отырады. Оқушылардың жетістікке жету жолының машақаты туралы том-том кітаптар жазсаң дағы аз. Негізгі сабақтардан басқа, қосымша және арнайы жеке тұлға дамуына бағытталған сабақтар, оқушылар мен олардың ғылыми жетекшілерінің жеке іздену сағаттары, облыстың жетекші жоғары оқу орындарының педагогтерімен болатын лекциялар мен семинарлар, белгілі бір жетістікке жеткен оқушылар мен ғылым жолына енді ғана қадам қойған білім алушылар арасындағы тәжірибе алмасу сабақтары, оқушылар мен олардың жетекшілерінің тынымсыз еңбектері және тағы басқалары.

2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша біздің мектеп «Республиканың ең үздік 100 мектебі» қатарына енді. Өткен оқу жылындағы республикалық ғылыми жобалар байқауына елуден астам ғылыми жобалар ұсынып, облыстық деңгейде жиырмадан астам, ал республикалық деңгейде онға жуық жүлдені иеленді. Бұл жүлделер көп еңбек пен терең ізденіс, ғылым мен білімге деген құштарлықтың арқасында деп білеміз. Оқушыларымыздың таңдаған тақырыптары да терең мағына мен ғылыми ізденіске бай. 2020-2021 оқу жылындағы республикалық ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңде «Техника» (физика) бағыты бойынша бас жүлдесінің иегері Қайрат Шаяхметтің жұмысы да жоғары баға алған еді. «Электр генераторын әзірлеу» тақырыбын жазған ол, электр энергиясын өндірудің жолын, электр энергиясын тасымалдау қиын болған өңірлерде қолдану мәселесін қарастырады. Және электр генераторын жасаудың басқа жолдарын саралап, тәжірибесін өндірісте сынауды ұсынды. Сондай-ақ біздің оқушылар, экология секциясы бойынша қоршаған ортаны қорғау, физика секциясы бойынша агрофизика және топырақ физикасы, техника мәселесі бойынша аэрогидропоникаға негізделген ғылыми жобалық тақырыптарды зерттеуде.

Оқу жылының қорытындысы бойынша жалпы пәндер олимпиадасының республикалық кезеңінде Вячеслав Мирошник және Темірлан Ташен ағылшын тілі және физика пәндері бойынша жүлделі екінші және үшінші орындарды бағындырып, жобаларын сәтті қорғап шықты. Мектеп қабырғасын да дебат, киностудия және киберспорт үйірмелері тынымсыз жұмыс істеуде әрі «Жазғы академия» ұйымдастырылды. Академияның ерекшелігі: оның мектептің негізгі бағытымен тығыз байланыста болуында. Жастар тек демалып қана қоймай, түрлі ойын элементтерімен танысып, оларды өздері ойлап табуға, робототехника, 3D модельдеу, киберспорт және ақпараттық технология ғылымы бойынша қосымша білімді меңгереді. Әрі ғылыми жобалар жазу және оларды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие.

«Елбасы медалі» республикалық жобасында біздің мектептің оқушылары да қатысып, үздік жеті оқушы осы жобаның қола медаліне ие болды. Жоба барысында оқушылар өздерін спорт, шығармашылық, ұлттық құндылықтар мен кітап оқу бағыттары бойынша сынап, өздеріне жүктелген тапсырмаларды жоғары жауапкершілікпен орындап, өздері жеткен жетістіктердің лайықты екенін дәлелдей алды. Сонымен бірге жыл сайынғы пікірсайыс орындарында қатысып, өздерінің шешендік қасиеттері мен сөз шеберліктерін шыңдап, көптеген жетістіктерге ие болып келеді. Осы оқушылар қатарында он бірінші сынып оқушысы Индира Ануарбекова «Конституцияның 30 жылдығына» арналған «Білімді жастар» облыстық пікірсайыс турнирінің «Үздік спикері» атанды.

Сөзімді қорытындылай келе «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деген мақал бекер айтылмағанын еске алғым келеді. Себебі біздің ұйымшыл ұстаздар ұжымы лайықты қадамдарды жасап, биік белестерді бағындыруда. Әрбір мектептің мақсаты – білім алушылардың болашақта үлкен өмірден лайықты орнын таба алуымен сипатталады. Осы мақсатқа жету жолында заман талабына сай жаңашылдықпен ізгілікті іс атқарып жатқанымызды мақтан тұтамын.

Жахонгир ГАППАРОВ, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалімі, жаратылыстану ғ.м.

 

Телеуроки костанайского учителя

Есть люди, которые заряжают своей энергетикой, идеями и сплачивают воедино коллектив для достижения общей цели. К таким людям можно отнести Каната Маратовича Есенгулова, учителя математики общеобразовательной школы №23 г. Костаная. Его профессионализм и трепетное отношение к окружающим его людям, будь то коллега, родитель или учащийся, всегда являет собой великолепную форму примера, каким должен быть настоящий педагог.

Канат Маратович ответственно и креативно справляется с любыми целями и задачами в его работе. Начиная с апреля 2020 года из-за пандемии коронавируса и перевода учебного процесса в дистанционный формат для системы образования начался беспрецедентно сложный период. В таких условиях учителям пришлось в кратчайшие сроки кардинально менять методику работы, осваивать образовательные платформы, информационные технологии, снимать видеоуроки. Одним словом, учителя учились сами и обучали детей. Канат Маратович не мог оставаться в стороне и проявил себя как лидер и творческая личность. Он сам разработал и записал 137 телеуроков для республиканского телеканала «Ел Арна».

По видеурокам костанайского педагога занимались школьники всего Казахстана. Это были короткие по хронометражу, но очень интересные и познавательные уроки по математике, алгебре и геометрии. Креативный подход, интерактивные решения, увлекательное объяснение и подача материала невольно приковали к телеэкранам тысячи детей. За проведенную работу Канат Есенгулов был награжден грамотой министра образования и науки РК.

– Работа в школе требует от учителя собранности, а также полной педагогической и человеческой отдачи своему делу. Дети – это очень гибкий, требующий достойного внимания «материал». Если говорить словами простыми, ученик – это «сосуд», который умеющий педагог может наполнить не только знаниями предмета, но и способностью быстрой адаптации к стремительно меняющимся законам современного общества. Именно математика развивает в человеке способность мыслить быстро и решительно, – уверен учитель.

Ученики Каната Маратовича очень часто становятся очевидцами того, насколько требователен он к своему предмету. Но вместе с тем они уважают его работу, стараясь выполнять все поставленные перед ними задачи. В тандеме с таким педагогом высоких результатов достигают и его ученики, не раз становившиеся призерами и победителями интеллектуальных конкурсов и олимпиад. Только в 2021 году научный проект его воспитанника «Создание электронной модели логических задач» стал победителем республиканского этапа конкурса научных проектов, а затем и победителем международного конкурса научных проектов.

О коллеге и учителе рассказывает коллектив учителей, учеников и родителей общеобразовательной школы №23 имени М.Козыбаева города Костаная.

– Общению с ним можно уделить отдельный абзац, чтобы в полной мере характеризовать его качества не только как педагогапрофессионала, но и человека с большой буквы. В любой дискуссии и беседе он всегда найдет время выслушать собеседника, не перебивая, подскажет, как быть в той или иной ситуации, оставив после разговора море положительных эмоций и уйму вариантов решения проблем. Самое важное в беседе с ним – это то, что собеседник невольно понимает, как Канат Маратович щедро дарит свое время и внимание людям, давая им возможность высказать свою точку зрения. В современном ритме жизни, наверное, самое ценное и важное. Но в случае дискуссии с Канатом Маратовичем время всегда пролетает незаметно, а самое главное, оно не проходит впустую. Мы очень гордимся тем, что работаем, дружим и живем бок о бок с таким выдающимся человеком, как Канат Маратович Есенгулов. Желаем ему дальнейших творческих побед и успехов во всем! – направил теплые слова благодарности и признательности коллектив школы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий