Ізгі лебіз ұлағатты  ұстаздарға….

Дүниедегі мамандық атаулының  бастауы  болған – ұстаздар мәртебесі әрқашан  биікте болсын. «Ұстаз болу – өз  уақытыңды аямау, өзгенің  уақытын  аялау» деп  француз ойшылы Жан  Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі  ерен. Қазіргі таңда педагогтардың қызметі заманауи технологияның мүмкіндіктері қарыштап дамыған дәуірде түрлі жаңалықтарды білуге, меңгеруге, ашуға ол үшін көп күш жұмсауға бағытталып отыр. Осынау ізгі жандарды кәсіби төл мерекеміз Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Сондай – ақ,  алда келе жақтан төл мерекемен Алматы облысы Іле аудандық білім бөлімінің  басшысы  Каткеева Ләззат  Жакуповна  апайды, барлық Іле аудандық білім бөлімінің  мамандарын шын  жүректен құттықтаймыз. Қазақтың қоғам қайраткері, ағартушы – ғалым Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай «мұғалім – мектептің жаны». Ендеше, сіздерді осындай ұлы есімге лайық  қызметтеріңіз үшін  бас иіп, еңбекте  табыс, шығармашылық  шабыт  тілейміз.

Қай заманда болсын, ұстаз  атауына  бүгін  ғана құрмет  көрсетілген емес, сіздер үнемі  құрметке, ілтипатқа ие  жансыздар. «Адамның  адамшылығы – жақсы  ұстаздан, – деп ұлы Абай Құанбайұлы бабамыз айрықша атап айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Ендеше, болашақ ұрпақтарымызға адамгершілікті, инабатты, сыпайы болу жолдарын ауызша айтып қана  қоймай, оны іс жүзінде  көрсетудің маңызы зор екенін жоғарыда ғұлама хакім алдағы күнді дәл болжағандай нақты  жеткізген.

Сондықтан да енді  ғана еңбек жолын бастаған  жас  мамандарға да айтарымыз  көп. Осынау  жаһандану  заманында ұлттық  бәсекеге қабілетті  бала  тәрбиелеу – білім  деңгейімен  өлшенетінін  ескерсек, білім кеңістігінде бірігіп  еңбек ету қажет.  Бұл  жерде ата – ана   – бала және педагогтың ортақ мақсаттағы үштігі  бір – бірімен тығыз  байланысты жұмыс атқарса, нәтижесі оң болары айтпаса  да, түсінікті. Қорытындылай келе, болашақ  ұрпақтарымызға  өнегелі тәрбие, сусындаған  нәрлі білім беретін мамандарымыз  көп болсын.

Ізгі ниетпен,
“Күншуақ” бөбекжай – балабақшасының
ұжымы,
Алматы облысының Іле ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий