Ұстаздық еткен жалықпай…

Мамандықтар атауына зерделей қарасақ, мұғалім мамандығы барлық мамандықтың алдыңғы сапында тұратыны баршаға аян. Осындай білім беру саласындағы саналы ғұмырын жас ұрпақтың тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз бүгінде зейнет демалысына шыққан. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бимагамбетова Сүйрік Нұрбайқызы сексен жылдан астам тарихы бар біздің білім ордасындағы қажырлы қызметіне ширек ғасырға жуық ғұмырын арнаған.

«1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін елімізде білім саласында  көптеген қиындықтар болды. Солардың бірі орыс мектептерінде қазақ сыныптарын ашу болатын. 1995 жылдары орыс мектептерінде қазақ сыныптары ашылып, қазақ тілі пәні оқытыла бастады. Қазақ сыныптарына мұғалімдер, оқулықтар мен әдістемелік бағдарламалар  жетіспеді. Іс қағаздарын қазақшаға аудару, мемлекеттік тілде жүргізу үшін аудармалар жасау секілді  қиындықтар болды. 

Бүгінде тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 30 жыл. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеміс. Бүгінгі ұрпақ бақытты бағалай білулері керек. Терең білім ғана табысқа жетелейді. Еліміздің көркеюі білімді ұрпақтың қолында. – дейді өз сөзінде зейнеткер-ұстаз. Бимагамбетова Сүйрік Нұрбайқызы тұғыр болар ұрпақ оқытумен қатар артына қаншама жас мамандарды тәрбиеледі. Солардың қатарында мен де ұстаз-ананың әдістемелік көмегін көп көрдім деп айта аламын.

«Ұстаздық еткен жалықпас…» деп Абай атамыз жырлағандай, ұстаздық өмірінде көптеген аудандық, облыстық, республикалық байқаулар мен олимпиадаларда жеткен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, аудандық білім беру бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталған. Ұлы есімді арқалаған ұстаздар мерекесіне байланысты тәуелсіз елімізде жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған өмірі үшін аяулы ұстазға алғыс айтып, еңбегінің жемісін көрсін деп тілек білдіремін.    

Анаргүл Елдосқызы НАСРЕТДЕНОВА,
№5 жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі
ауданындағы Ақсай қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий