“Үздік педагог – 2021”: Білім мен білік бірегей

«Үздік педагог – 2021» республикалық байқауының қорытындысында жетісулық төрт ұстазға марапат бағы бұйырды. Талдықорған қаласындағы М. Арын атындағы №24 ДБАЛ химия пәні мұғалімі Әмір Саулетхан мен Текелі қаласындағы №6 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Наталья Юрьевна Дегтярева және Көксу аудандық Қ.Жалайыри атындағы МГ математика пәні мұғалімі Зарина Ержанқызы Темірғали, – дейді үздік ұстаз атанған Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Токенова Гульнара.

Гульнара Сагидоллиновна Ы. Алтынсарин  атындағы  Арқалық педагогикалық институтын физика  пәні мұғалімі ретінде, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін инженер-бағдарламашы мамандығы бойынша тәмамдаған тәжірибелі тәлімгер. Көптеген марапаттардың иесі. 1994 жылдан бері техникалық және кәсіпітік білім беру жүйесінде абыройлы қызмет атқарып келеді. Ол «Таlap» КЕАҚ-ның штаттан тыс тренері және ТЖКББ-ның инженер – педагогтары мен басшыларының біліктілікті  арттыру курстары бағдарламаларының әзірлеушісі. 142 үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. 

НКАОКА және ARQA аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің, демонстрациялық емтиханының сарапшысы.  «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»  мамандығына арналған «Компьютердің, бағдарламалық – ақпараттық қамтамасыз етілуін баптау және қызмет көрсету» оқу-әдістемелік құралдарын жарыққа шығарып, республика аумағына таратқан майталман маман.

– Еңбегімді лайықты бағалап, жоғары марапатқа ұсынған ұжым жетекшісі мен білім басқармасы басшылығына ризашылығым шексіз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған салалық заңнамаға сәйкес педагогтардың мәртебесін арттырып, мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолға алынған шаралардың нәтижесін көрудеміз. Бәсекеге қабілетті жан-жақты тұлға қалыптастыру жолында заман талабына сай біліктілігімді жаңаша жетілдіру арқылы бар білімім мен тәжірибемді зерттеушілік ізденістермен толықтыруға дайынмын, – дейді ол.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий