Ұстаздар – ұлы тұлғалар

Баянауыл ауданындағы С.Торайғыров атындағы  мәдениет үйінде «Ұстаздар – ұлы тұлғалар» тақырыбында ұстаздар күнінен орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Салтанатты жиынды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бейне құттықтауымен  ашты. Мерекемізде ауданымыздың   ардақты ардагер ұстаздарымызға  жас мамандар құрмет білдірді. Ұстаздар қауымын аудан әкімі Қанат Сәрсенұлы Кәрімов құттықтады.

Білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды: Сәдуақасова Зарема Хамзатқызы – Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; Тасыбаева Рымгүл Манапқызы – Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің шағын орталық тәрбиешісі; Жакина Тұрсынай Өмірзаққызы – Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Білім беру басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды: Қасенова Шынар Жамбылқызы – Әлкей Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің шағын орталық тәрбиешісі; Цыганова Ирина Николаевна – №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; Еңсебаева Айгүл Мақсұтқызы-Әлкей Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің химия пәнінің мұғалімі.

Аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды: Мұзафарова Балжан Солтанқызы – Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп балабақша оқу-тәрбие кешенінің кітапханашысы; Кабдуова Мадиян Назымбекқызы – Қошке Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі; Устюжанина Надежда Васильевна -№2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі; Байділдин Қайрат Егінбайұлы – Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің денешынықтыру мұғалімі; Тұрсынбаева Айгүл Хасенқызы – Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Павлодар облысының әкімінің Алғыс хатымен №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тонтаева Қарлығаш Қуанышқызы, сонымен бірге «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері-2021» облыстық байқауының қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Баянауыл ауылының сәбилер бақшасының әдіскері Баймағамбетова Қаламқас Серікқызы марапатталды. Аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен: Фаменова Шолпан Нұрлыбекқызы – Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі;  Шәріпжанова Баянгүл Жанпейісқызы – Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі; Сүлейменова Гүлнәр Сағынтайқызы – Жайма жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды: Жұмагұлова Гүлнәр Қожахметқызы – Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі; Тілеубердина Ботакөз Мұстахимқызы – Мұхтар Әуэзов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі; Ермекбаева Гүлжаннат Тоқтарбекқызы – Бірінші май жалпы бастауыш білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі; Батталова Әлия Әбікенқызы -Майқайың балалар өнер мектебінің басшысы. Баймұса Мәдина Сағитқызы – Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; Нығметова Айнагүл Жанатқызы – аудандық білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы.

Білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды: Әбілқасова Балкен Көкенқызы – Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебі басшының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары; Бещенбаева Кенжегүл  Нұртайқызы – Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі; Рахымбекова Анар Амангелдіқызы – Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі; Әбежанов Руслан Кабдырахманұлы – Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ұстаздарға шалқар шабыт, білімді шәкірт, зор қуаныш, жемісті еңбек тілей отырып, мерекелік бағдарлама өз мәресіне жетті.

Мәншүк Тынысқызы ШУМАҚОВА,
Аудандық
білім беру бөлімнің әдіскері,
Павлодар облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий