“Үздік педагог – 2021”: Майталман маман мерейі

Білім саласының майталман мұғалімдерін анықтауды мақсат еткен «Үздік педагог» республикалық байқауының аймақтық кезеңіне жергілікті 40 ұстаз қатысқан болатын. Олардың арасынан оқ бойы озып, дараланған он үздік үміткер ақтық сайысқа жолдама алды, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Биылғы білім бәсекесінде сырбойылық ұстаздардың намысын қорғаған Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіндегі Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Ы.Алтынсарин», «Ерен еңбегі» белгілерінің иегері Гүлбану Тұрымтаева көшбасшылар қатарынан көрініп, жылдың «Үздік педагогы» атанды.

«Үздік педагог» атағын беру жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша «2021 жылдың үздік педагогі» атағының иегерлерін Қостанай қаласында ұйымдастырылған салтанатты жиында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов марапаттағаны біз үшін үлкен мәртебе болды, – дейді жеңіспен оралған жерлесіміз Гүлбану Қазиханқызы.

Бірге қызмет атқаратын әріптестерінің айтуынша ол ұзақ жылғы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие сіңіру жолына арнаған майталман маман ретінде елеулі еңбегі үшін әр жылдары ҚР Білім және ғылым министрінің, облыс, аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған абыройлы жан. Тәжірибесі Чехия мемлекетінің Прага қаласында шығарылатын «Еуропа ғылымдары журналында» таратылғаны бар.

Білікті ұстаздың оқушылары жыл сайын өтетін облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындар алып келеді. Білім беру ісінің жоғары марапатын иеленген аяулы әріптесімізді қуанышымен шын жүректен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий