Әлеуметтік – құқықтық қорғаудың негізі

Кәсіподақтың негізгі мақсаты: кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау болып табылады. Әлеуметтік серіктестік білім беру мекемесініңәрбір қызметкерлерінің әлеуметтік – экономикалық қорғау мәселелерін шешуде басты орын алады.

Кәсіподақ комитетінің алдында тұрған міндеттер – ол әкімшілік пен кәсіподақ комитеті арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту және нығайту деңгейін тұрақты жетілдіру және жүзеге асыру; кәсіподақ ұйымының, оның мүшелерінің өкілдігі және мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысын жандандыру, білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын арттыру; бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметінің жергілікті нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру; білім беру қызметкерлерініңеңбегі мен демалуына қолайлы жағдай жасау; кәсіподақ мүшелерімен спорттық және мәдени-бұқаралық жұмыстардың нысандары мен әдістерін жетілдіру; кәсіподақ жұмысының тәжірибесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу.

Барлық кәсіподақ ұйымдарында кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Әлеуметтік, экономикалық және еңбек қатынастарын тиімді реттеуді қамтамасыз ету, білім бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы арасында экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін әлеуметтік серіктестік туралы аймақтық келісімге қол қойылды. Аудандық білім бөлімімен және білім беру мекемелерінің басшыларымен бірлескен әлеуметтік серіктестік бойынша жұмыс нәтижелі жүргізілуде.

Айта кетсек  кәсіподақ қозғалысын одан әрі жаңғырту, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен беделін, олардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында “Кәсіподақтың еңбек адамын қорғау жөніндегі стратегиясы мен ұстанымы” тақырыбында жаңа оқу жылынан бастап әр ұжымда «Кәсіподақ сағаты» ұйымдастырылып өткізілуде. «Кәсіподақ сағатының» мақсаты еңбек адамымен жақын болу, көптеген сұрақтардың шешімін табу, құқықтық сауаттылығын толықтырып отыру, сауалнама жүргізу арқылы әр жұмыскердің айта алмай жүрген ашық сұрақтарына жауап беру арқылы кәсіподақ комитеттері мен олардың Төрағаларының міндеті – кәсіподақтың қарапайым мүшелері кәсіподақтың бар екенін, жұмыс істейтінін және еңбек адамының мүдделерін қорғауға қабілетті екенін сезіндіру.

Кәсіподақ филиалының мақтанарлық жағдайы ол  бүгінгі таңда,  білім беру саласы қызметкерлерінің 100% кәсіподақ құрамының тұрақты мүшесі болып келуі.  Кәсіподақ комитеті бірқатар мәселелерді шешуде. Бізге кәсіподақ мүшелері мәселемізді шешеді деген үмітпен келеді, ал кәсіподақ комитетінің жұмысы оның негізінде құрылады. Еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау, кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау және әлеуметтік серіктестік – осы үш қағида кәсіподақ жұмысының негізі болып табылады.

Мектептегі әлеуметтік серіктестікті реттейтін негізгі құжат-Ұжымдық келісім, ол жұмысшылардың мүдделерін білдіретін директор мен кәсіподақ комитеті арасындағы өркениетті қатынастардың кепілі. Ұжымдық шарт, еңбек жағдайларын, демалысты ұйымдастыру, жалпы білім беру мекемесінің қызметкерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер беру мәселелерін реттейді.

Шарт қолданыстағы еңбек заңнамасының аясын кеңейтуге, еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қосымша қаржыландыруды қамтамасыз етуге, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға, оларға материалдық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Кәсіподақ комитеті өз жұмысын әлеуметтік серіктестік және аудандық білім бөлімінің Әкімшілігімен ынтымақтастық қағидасы негізінде құрылып, барлық мәселелерді қызметкерлердің мүддесі үшін сындарлы диалог жолымен шешеді. Бұл мектептің оқу-тәрбие процесінің тиімділігі мен білім беру процесінің сапасын арттырудың кепілі болып табылады.

Қауіпсіздік техникасы мәселелері де кәсіподақ ұйымын айналып өтпейді, өйткені еңбекті қорғау кез келген білім беру мекемесіндегі басым міндеттердің бірі болып табылады. Барлық білім беру ұйымдарында жекелеген жұмыс түрлеріне арналған еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар бар. Осылайша, мектеп әкімшілігінің, кәсіподақтың және білім бөлімінің бірлескен жұмысының нәтижесінде ұжымдарда салауатты, ынтымақтастық қатынас сақталады. Кәсіподақтың мүдделілігі – бұқаралық, ынтымақтастық пен бірлік, бірлескен ұжымдық іс-қимыл. Ол қазіргі уақытта да, келешекте те  да солай болып қала береді! Мықты  кәсіподақ – қызметкерлердің нақты тірегі!

Жасұлан ШАЙКИН,
Осакаров ауданының білім қызметкерлері
кәсіподақ комитетінің  төрағасы, Қарағанды облысы                         

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий