“Үздік педагог – 2021”: Дарындылармен дараланудың деңгейі

«Үздік педагог -2021» республикалық байқауында біздің аймақтан төрт ұстаз лайықты марапатқа ие болды. Солардың бірі – Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп-лицейінің педагог-шебер санатындағы тарих пәні мұғалімі Айманов Бауыржан, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бауыржан Сагидуллаевичтің ең басты ұстанымы – «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға». Мақсаты – елімізге қажетті, ерекше білімді де дарынды балаларды көбейтуге үлес қосу. Ол көптеген марапаттардың иегері. Облыс көлемінде «Серікболтану» жинағының, республикалық көлемде «Өлкетану» оқулығы авторының бірі. Оқушылары қала мен аудан көлеміндегі 28; облыстық көлемдегі 14; республикалық деңгейдегі бес оқушысы пәндік олимпиданың жүлдегері.

– «Маңғыстау мұғалімі», «Қазақстан тарихы: әдістемелік жұрналы», «Қазақ тарихы: ғылыми-әдістемелік жұрналы», халықаралық «Түркістан» газет-журналдарында елуден астам ғылыми-танымдық мақаласы жарық көрді. Облыстық дейгейдегі бес; республикалық дегейдегі 18, халықаралық деңгейдегі жеті ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсене қатысып, үздік баяндамалар авторы атанды. Түрлі ғылыми-зерттеу институттарымен ортақ мақсата сәйкес жүйелі жұмыс жасайтын зерттеуші жас ғалымдардың бірі, – дейді қызметтес әріптестері.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий