Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі

Елорданың білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұжымы атынан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілеймін. Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі демекші, өлшеусіз еңбектеріңізге шын пейілімен алғысын айтып, ризашылығын білдірер шәкірттеріңіз көп болсын, мәртебелеріңіз арта берсін.

Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан педагогтердің мәртебесі мен беделінің көтеріле беруіне тілектестігімді білдіре отырып, білім саласының дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымды айтамын. 

Мерейлі мереке күнінде «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі 400 жылдан астам педагогтік еңбек өтілін құрайтын Көптілеуовтер әулетінің династиялық жолын жалғастырушы ұстаз бауырларым мен елу жылдық тарихы бар Қызылорда облысының Арал қаласындағы № 220 орта мектебі ұжымын төл мерекелерімен құттықтаймын!!!

Бағым КӨПТІЛЕУОВА,
Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында
сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий