Бастауыш сынып оқушыларының оқу еңбегін ұйымдастыру кезінде икемділігі мен машығын қалыптастыру

Функционалды оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып келеді. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы болып табылады. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді  жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосылады.

Сонымен қатар әдістер мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді қолдану керектігін айтқым келеді. Өскелен ұрпаққа ғылым негіздерінен терең де тиянақты  білім берумен қатар, оларды практикада қолданудың машықтары мен білігін дамытуда, оқушыларды қазіргі  заманғы жаңаша тасқынын бағдарлай алуға және өзбетімен білім алу деңгейін көтере  білуге үйретуді көздеп келемін. Осы орайда оқуда мәселелерді шешуде, балама шешімдерді көріп, қабылдай алуларының оқу икемділігімен машығын қалыптастыру керек деп ойлаймын.

Сонда оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру қажет. Әр жас кезендеріне сәйкес баланың ақыл ойының психикалық процестерінің дене толғанысының физиологиялық жетілу дәрежесін және олардың жақын аймақтағы даму мүмкіндігін ескеру. Шамаға сай лайықты, күрделі болуы қажет және жасанды қиындатуға да болмайды. Баланың ақыл – ойының мүлгуіне мүмкіндік бермейтіндей болуы тиіс. Қазіргі кезеңде оқушыға тек жаңа білім жүйесін берумен шектелмей, оны оқуды және оған керек икемділікті үнемі қажетсінуіне тәрбиелеу.

Енді осыған орай талап – міндеттерін айтып өтейін. Оқыту теориясы мен практикасының орындалуын, пәнаралық байланыстың жүзеге асуын қатаң сақтау. Тақырыптың негізгі, басты мәнді идеясын таба білу. Оқытудың мәселелерін – ізденіс әдісін қолданып, оқушыларды байқағыштыққа үйрету. Сабақ үстінде жаттығуларды орындау арқылы оқу материалын практикамен байланыстыру. Оқушыларды сабақ және сабақтан тыс кезде қоғамдық пайдалы еңбекке, саяхатқа шығуды ұйымдастыру.

Оқу материялында тақырыпты жоспарлауды, теориялық және практикалық жұмыстардың бір ізділігін, қайталаумен бақылауды қамтамасыз ету, оқушылардың дайындығын байланыстыру, логикалық жүйелікті сақтау. Жана материалды өткенде кері байланыс элементтерін пайдаланып, оның нәтижелеріне талдау жасау. Оқушылардың оқуға деген ынтасымен мүмкіншілігі жөнінде хабардар болу, оқу барысында жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Ал үлгермейтін оқушыларға өз бетімен саналы, белсенді жұмыс істеу ынта-ықыласын арттыратын әдіс-тәсілдерді, қызықты ойындарды жиі пайдалану, материалды жеке түсінбей құр жаттап алатын жайлардан сақтандыру. Жаңа сабақ өткенде және өзін – өзі бақылауды ұйымдастырғанда жұмыс көлемін ұлғайту керек.Қойылған оқу-тәрбие мақсатына сәйкес сезімдік үйлесімін табуына жету, ізденіс әдістерін байланыстыра білу, тексеру және өзара бақылау біртұтастығын қамтамасыз ету.

Біз ұстаздар оқушыларға  жұмысыты өзбетімен ұйымдастыруына, жоспарлап, бақылауына, жұмыс істеудің ұтымды жүйесін меңгеруіне көмектесуіміз керек.Сабақ үстінде және сыныптан тыс оқытудың жалпы топтық, жеке-даралық формаларын ұштастыру және іске асыру, бірлесіп істеу жұмысын қолдану қажет. Оқытудың тәрбиелік сипатын сақтау кезінде адамгершілік, еңбек және эстетикалық  тәрбиесін жетілдіруге баулу. Білім беру, тәрбиелеу көзқарасын қалыптастыру ісінде оқу процесінің ықпалын арттыру.

Оқушылардың еркі, ықыласы, қабілеті психологиялық ерекшеліктерінің дамуына, оқытудың тигізетін ықпалы тәлім-тәрбиеге әсерін береді. Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарының қалыптасуына әсер ететін  жағдайларға қысқаша тоқталып өтейін. Мұнда ең бастысы –оқытушының жеке басының үлгісі. Өйткені ұстаз өз шәкірттерін білімге ғана баурап қоймай, оларға өзін-өзі ұстауды, жүріс- тұрысын, киінуін, сөйлеу жағынан нақты анық айтуы тиіс. Әсіресе, өзімнің сыныбымның оқушылары  маған  еліктеп, рухани жан дүниесін ұқсатуға тырысады.

Биылғы жылы 4-сыныбымда 78пайызды көрсетіп, Республикалық жарыстарға қатысып Асанұлы Маулен қазақ тілі олимпиадасына қатысып 1-дәрежелі дипломмен марапатталды және «Ақ бота» олимпиадасына Сапарбек Нұрбек 3-орын, Рауанқызы Жібек 2-орын алып жүлделі орынға ие болды. Өмірзақ Шынар әдебиеттен шығарма байқауына қатысып 1-орынмен марапатталды. Ұстаз-ғалымдардың ұсыныстарын басшылыққа ала отырып қызмет түрлерін өзгертуге талпыныс жасадым. Оқушыларға айқын нұсқау беру, өлшемдер мен белгілерді пайдаланудамын.

Пәндер бойынша: оқу-ұйымдастырушылық; оқу-информациялық; оқу-интеллектуалдық; оқу-коммуникативтік икемділіктер мен машықтарды пайдалана білуге үйретіп келемін. Ал бұл қажеттілік олардың физиологиялық және психологиялық дамуының басты белгісі болып табылады.Оған тән қасиетті айнала қоршаған дүниеден әсер алу, білсем деген ұмтылысқа баулу. Бастауыш сынып оқушыларының  осындай психологиялық ерекшеліктері жалпы оқу иемділіктері мен машықтарын меңгеруге қолайлы жағдай туғызу.

Нәтижесінде, оқу еңбекті ұйымдастырудағы негізгі принцип уақыт пен күшті  үнемдеу болып табылады. Сондықтан икемділік пен машықты нәтижелі меңгеру уақытты үнемдеуге, еңбек қарқынын жоғарылатуға, жұмысты қатесіз орындауға мүмкіндік туғызады. Мұндай нәтиже оқушыны қуанышқа бөлейді. Икемділік пен машықты  дұрыс меңгеруден туған оқу еңбегінің нәтижесі кейін оған көмегін тигізеді.  Сөйтіп, икемділік пен машық төменгі сынып оқушыларын оқыту ісінде, олардың жетілу жолында маңызды білімдік қызмет  атқарады  және оқыту процесіне тірек, негіз болады. 
Лязат Аблакатовна АЛЫБАВА,
Жетісу орта мектебіндегі бастауыш
сынып мұғалімі, 
тәрбие ісі меңгерушісі,
Алматы облысының Сарқан ауданындағы
Пограничник ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий