Зияткерлік мектеп оқушысы күн энергиясы арқылы су жинайтын құрылғыға авторлық куәлік алды

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ерлан Тұралы мен физика пәні мұғалімі Лизавета Хамитова бірлесе жасаған «Hydropanel» жобасы авторлық құқыққа ие болды. Қондырғы Маңғыстау облысындағы ауыз су қажеттілігін жоюға көмекші құрал. Ол ауа температурасының күрт өзгерісінен су жинайды және күн панельдері арқылы электр энергиясын өндіреді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Біздің құрылғымыз қолжетімді жабдықтардан тұрады және күн энергиясын суға булану процесі арқылы айналдырады. Ауа ылғалдығы мен температура артқан сайын құрылғы суды көп өндіреді. Сынағымыз барысында біз құрылғымыздың суды жинай алатындығына көз жеткіздік, – дейді жоба жетекшісі Лизавета Хамитова. Оның айтуынша, қолдан жасалған  құрылғы бір күнде жарты стақан суға дейін жинай алады.

– Әзірге тек құрылғының мини-прототипі жасалды Егер, оны шынайы жүзеге асыратын болса жобаның құны 2 миллион теңгені құрайды және күніне 10 литр су жинау мүмкіндігі болады, – дейді жас зерттеуші Ерлан Тұралы. Зерттеушілер жобаны екі жыл бойы жасақтап, толықтырулар енгізген. Ал өткен айдың басында жобаның авторлық құқығын қорғау мақсатында өтінім білдірген.

Болашақта бұл құрылғыны үлкейтіп жасақтап, оны мектеп алаңына және қала көшелеріне қойғымыз келеді. Бұл көшеде шөлдеп келе жатқан тұрғындарға өте үлкен көмек болар еді. Сол үшін де авторлық құқық куәлігін алдық. Алдағы уақытта жобамызды патентке де ұсынып көреміз, – дейді зияткер.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий