Тәртіп – басты назарда

С.Аманжолов атындағы ШҚУ “Биология” мамандығының студенттері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмысқа қатысты. “Жемқорлықсыз болашақ” тақырыбымен университеттің бірінші курс студенттеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс 2020-2022 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жоспарға және “SANALY URPAQ”жобалық кеңсесінің үлгілік жоспарына сәйкес іске асырылып жатқанын атап өткен жөн. Дөңгелек үстелге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Архат Бейсембаев шақырылды.

Студенттер арнайы келген қонаққа сұрақтар қойып, пікір алмасты. Академиялық адалдықты қамтамасыз ету тетіктерінің бірі жазбаша бақылау және ғылыми жұмыстардың түпнұсқалығын тексеру болып табылады. Оқу жылы ішінде Антиплагиат ақпараттық жүйесі арқылы білім алушылардың жазбаша жұмыстарын тексеру жүзеге асырылады. Емтихан сессиялары мен мемлекеттік емтихандар кезінде Экзамус Прокторинг жүйесі қолданылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий