“Үздік педагог – 2021”: Қолдау мен құрмет күшейді

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, оңтүстік өлкенің төрт мұғалімі үздіктер қатарынан табылдық. Биылғы «Үздік педагог»  байқауы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып, ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келгені маңызды оқиға болды, – дейді Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Мұхтар Мырзаев.

Олар менің әлеуетті әріптестерім – Сарыағаш қаласындағы №4 мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сұлтан Сүлейменов пен Жетісай ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынай Пазылова және Мақтаарал ауданындағы Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Тәрбие Әлібекова.

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Баянды болашақтың бастауы білім ордасы десек, білім ордасының басты тұлғасы, жүрегі – ол оқытушы. Білікті, білімді өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман ретінде маған бұйырған бұл жетістік барша қызметтес әріптестерім мен ұжым жетекшісіне ортақ мерей.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қолынан арнайы белгі алған қуанышты сәтті еш ұмытпаймын. Бұл мемлекет тарапынан отандық педагогтерге жасалған қолдаудың нақты дәлелі. Осыған орай ұстаздар қауымы да елі үшін ерен еңбектерін аянып қалмася белгілі. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаевтың «Үздік педагог-2021» республикалық байқау жергілікті жеңімпаздарын құттықтап, зор алғысын білдіргені де біз үшін ерекше құрметтің бір белгісі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий