Армандар орындалуы керек

№ 3 мектеп-гимназияның түлегі, табысты бизнесмен және меценат Серікбай Бисекеев өзі ұшқан алтын ұя мектебіне құны 1,6 миллион теңгені құрайтын сезіз робот-конструктор кешенін сыйлады. Бұл шетелдік аналогтардан кем түспейтін қазақстандық үлгідегі лего жиынтықтар. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова меценат бизнесінің бір бағыты осындай конструкторларды өндірумен байланысты екенін, ол мектептерді заманауи жабдықпен жабдықтау үшін көптеген жұмыс жасап жатқанын айтты, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мектептің робототехника үйірмесінің жетекшісі Евгений Штанько және оның оқушылары жаңа робот конструкторлардың жиынтығымен жұмысты қалай тез және шебер меңгергенін көрсетті. Мұғалімдер үшін оқыту семинарлары өткізіліп, дидактикалық материалдарға қолжетімділігі де маңызды. Осының арқасында робототехника бойынша мектеп үйірмесі де дамиды, оқушылар жоғары деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарға қатысып, өз армандарына жете алады.

Серікбай Бисекеев туған мектебінің болашақ түлектерімен кездесуде армандау мен мақсат қоя білу маңызды екенін айтты. Ол он бірінші сынып оқушыларына «Өздеріңізге сенімді болыңыздар, оқуға талпыныңыздар және әр күн сайын кешегіден жақсы болуға тырысыңыздар» деген кеңес берді. «Арманхолдинг» әлемдік компанияның негізін қалаушы мектеп кітапханасына өз кітабын қолтаңбамен сыйға тартты.

Меценат туған жеріне көмек беруді маңызды іс деп санайды: «Туған өлкеден бастау керек екенін шештім. Біздің үшінші мектептен және өзім туып-өскен Қамысты кентіндегі мектептен бастадым. Мен біз мақтан тұтатындай халықаралық деңгейдегі мамандардың шығуы үшін балаларға әрдайым көмектесуге және қолдау көрсетуге қуаныштымын».

Тамыз айында Серікбай Бисекеев № 1 Қамысты ОМ мен № 2 Қамысты мектебіне жалпы сомасы 1,4 млн.теңге тұратын робототехника бойынша 10 лего-жиынтығын табыстады және аталған мектептердің мұғалімдеріне вебинарлар өткізді. Соңғы жылдары меценаттардың көмектері арқасында жалпы сомасы 335 млн.теңгеге 110 ІТ-сынып пен робототехника кабинеттері ашылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий