NIS оқушысын менталдық денсаулық проблемасына көңіл бөлуге шақырады
Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Айдана Шоқатаева Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Туған елге тағзым» байқауында қысқаметражды фильмнің сценарийін таныстырды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Желілік байқауда оқушының жұмысы жоғары бағаланып, «Шабыт. Селт еткізер, ерен ой» шығармашылық жұмыстар номинациясында бірінші орынға ие болды. Қашықтан өткен экспедиция екінші рет қатысушылардың рекордтық саны (шамамен 1000) мен жобаларын (шамамен 700) жинады, ал онлайн-қорғау NIS оқушыларының зерттеу ауқымы мен креативтілігін дәлелдеді.
Қазылар алқасы құрамындағы Елбасы кітапханасы, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, бірнеше ғылыми институттар, Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркі, республикалық Ұлттық музейі, «Ұлы дала скауттары» қоғамдық бірлестігі, «BilimInvest» білім беру инвесторларының ұлттық ассоциациясы, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, сондай-ақ ЮНЕСКО сарапшылары академиялық білімнің жоғары деңгейі, оқушылардың туған өлкедегі өзекті мәселелерді шешуге деген ынтасы мен жобалардың әлеуметтік бағарына оң баға берді.
Айдана өзінің жұмысында менталдық денсаулық мәселелеріне назар аударып, заманауи киноиндустрия арқылы жаһандық проблемаларды жаңа буын көзімен бейнелеуге тырысты. Оқиғаның басты кейіпкері – психикалық ауруы бар жас әртіс.
– Мен адамның психикалық денсаулығына назар аудару, өзін тұлға ретінде қабылдау мәселелеріне көңіл аударғым келді. Тақырыпты таңдаудағы себебім де сол – қазіргі уақытта психикалық денсаулық өзекті, әрі көп талқыланатын мәселелердің бірі болып отыр. Өз жұмысым арқылы бұл проблеманы көтеруде өз үлесімді қосқым келді, – дейді автор.
Загрузка...