Қостанай облысындағы республикалық театр өнері фестиваль байқауында бірінші орынды иеленді

Жуырда қашықтан театр өнерінің республикалық фестиваль байқауы ұйымдастырылған болатын. Фестивальге байқаудың облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Біздің аймақты Рудный қаласының «Шабыт» шығармашылық ұжымы «Махаббат мұңарасы» драмалық спектаклімен таныстырды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қорытынды кезеңде «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ 9 оқушысы Анарбеков Жолдасбек, Мамат Ербол, Ермеков Мейіржан, тұрды Әсет, Сәбитбекова Айкүміс, Тұрғанбек Айша, Тоққожаев Жамбыл, Дүзелбай Мирас, Бекдуллаев Олжас – театр үйірмесінің мүшелері жүлделі бірінші орынмен марапатталды. Спектакльді театр ұжымының жетекшісі – Ілияс Омаров атындағы Қостанай Қазақ драма театрының еңбек сіңірген актері Мырзахан Әлімхан Мырзаханұлы қойды.

Республикалық байқаудың қазылар алқасының мүшелері театрдың жас актерлерінің жоғары дайындық деңгейін, басшының кәсібилігін, балалардың әртістік және сахналық шеберлігін айрықша атап айтты. Шығармашылық ұжымды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий