Жатақхана оқушыларының бейімделуіне әсері мол шара

Бейімделу – индивидтің қоршаған орта жағдайларына белсенді түрде ыңғайлану процесі екендігі мәлім. Бұл процесс жылдан жылға өзекті мәселеге айналуда. Өйткені 7 сынып оқушыларына жаңа әлеуметтік жағдайға, оның ішінде жатақхана жағдайына бірден бой үйрету оңайға түспейтіні анық. Сондықтан келген баланы жаңа ортаға бейімделуіне көмектесу, жағдай жасау мақсатында жатақханада бірнеше шаралар ұйымдастырылуда.

Дулатова Гульжан Егизхановна

Соның бірі 7 сынып оқушыларына арналған үш сағаттық тренингтың ұйымдастырылуы бейімделу үрдісінің жеңіл өтуіне септігін тигізді. Бұл шараларда «Кел, танысайық!», «Зияткерлік мектеп құндылықтары», «Зияткер оқушы имиджі» тақырыптары қозғалды. Бірінші тренинг сағатында қатысушылар зияткер оқушы дегеніміз кім, оған тән қасиеттер, зияткер мектебінің құндылықтары туралы талдаулар жасап, өз ойларын ортаға салды. Зияткер оқушының имиджін құрастыру оқушылардың өткен тақырыптарды қорытындылай отырып, бейімделудің бір сатысынан өткенін білдіреді деп есептейміз.

Сол сияқты, оқушылардың қалауымен алдағы уақытта өздері ұсынған тақырыптарда тренинг өткізбек. Оқушылардың берген кері байланыстарынан әрбір өткен тренинг оларға жатақханаға бейімделуіне көмегін тигізгенін байқауға болады. Атап айтқанда, алғашқы тренинг оқушылардың өзара жақын танысып, бір-біріне жылы сөздер айтып, бір ұжым екенін сезінуге ықпал етті. Зияткерлік мектеп құндылықтары жайлы ой қозғаған тренингта оқушылар топтық жұмыстың қызықты да, пайдалы, әрі ұйымшыл ұжым болып қалыптасуына әсерін тигізгендерін айтады. Тренингтердің таңғы уақытта ұйымдастырылуы оқушыларымызға жақсы әсер беріп, сабақтарына көтеріңкі көңіл-күймен баруына септігін тигізуде.

Бектурова Гульнара Жомартовна

Гүлжан ДУЛАТОВА,
Гүлнара БЕКТҰРОВА,
Семей қаласындағы физика-матемаика
бағытындағы Назарбаев зияткерлік
мектебінің жатақхана тәрбиешілері,
тренинг ұйымдастырушылары,
Шығыс Қазақстан облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий