Мен тіліммен мақтанамын әлемге

Тақырыптық ертеңгіліктің басты мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын және нақыл сөздер мен өлеңдер,көрініс арқылы балалардың тілін,ой өрісін, дүниетанымын дамыту. «Атамекен» әніне марш ырғағымен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997 жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.

Жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін
Ашатын жан сарайын білімдерінің
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан                                                              Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.
Хор: Қазақстан Республикасының Гиміні.
Тіл туралы видеоролик.
Абдурахман: Әркім тілін сүйеді
Қадірлейміз мұны біз
Қазақ тілім киелі
Мемлекеттік тіліміз!

Медина:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.                                                                  Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Тәуекел:
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім, 
Туған тілім-анам тілі-өз тілім. 
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім. 
Туған тілде сыры терең жаным бар, 
Туған тілде әнім менен сәнім бар. 
Туған тілім тіл болудан қалса егер 
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Амина: Ана тілім – елдігім
Ана тілім – ерлігім.                                                                                            Тілді биік құрметтеп                                                                                      Тойлап жатыр ел бүгін
Ерхат: 
Тәуелсіз Қазақстанның
Бал тілді бүлдіршінімін
Мерекесін тілімнің,
Тойлаушының бірімін
Айым Т:
Мейірімі мол балаға
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп
Ана тілін сүйеміз.

Асылбек: Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған
Тамина: Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам                                                                                                      Жарқыраған жаным.
Гаухар: Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Ләйлім: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Мирас: Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшше тілім менде бірге өшемін.
Айша: Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй                                                                                              Көңілге сырлы ой салар                                                                                          Әнді сүйсең менше сүй, – деп ғұлама хакім Абай Құанбаев айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік. Ән: Ана тілін сүйеміз. Жүргізуші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты, қане, бәріміз қошеметтеп қарсы алайық. /Муз. Әуенімен залга Ару Ана кіреді. Ару Ана: – Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Мен Аруанамын! Cендердің балабақшаларыңда Тіл мерекесі болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім! Бұл жерге әр ұлттың өкілдері жиналыпты ғой! Қандай керемет десеңші! Бәрі бір-бірімен тату-тәтті! 

Жүргізуші: Сәлеметсізбе Ару Ана! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз! Біздің Тіл мерекемізге әр ұлт өкілдері құр келмей өз өнерлерін ала келіпті. Жүргізуші: Қазір қазақтың ұлттық биін тамашалайық! Би: «Қамажай биі» қыздар тобы. Ерсұлтан: Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді
Аделя:  Сыйласаң өз ұлтыңды,
Құрметтесең тіліңді
Ұнатсаң дәстүр салтыңды
Ұмытпайсың тіліңді

С. Айым:  Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Нұрәлі: Ана тілім, қазақ тілім, туған тілім
Қасиетті тілімнің мәнін біл
Ана тілді құрметтеңдер адамдар
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!
Радмила: Узнай родной язык
В нем сила и свобода
Узнай родной язык
В нем государства гордость
Родной язык в нем честь
И совесть человека
Учи чужую речь
Свою цени навеки.

Лиза: Там где сладко пахнет смородиной
Там где дом и родная земля.
Это все называется Родина
Дорогая, родная Земля!
Хормен: Да здравствует дружба Казахстанских ребят. Бишілер тобының өнері: «Орыс биі».
Жүргізуші: Ана тілім- өзгелерден бөлексің,
Қай асылға теңдесемде жарасар,
Ана тілім –баға жетпес өнерсің.
Бала жүрек саған арнап жыр төксін.
Ән: «Домбыра» (Ерхат пен Айым).

Ару Ана: – Талаптарыңа нұр жаусын! Ал енді балаларым мен сендерге де құралақан келмедім. Білгенімді айтып берейін. «Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма, ана тілім – ардақ тұтар алтыным», – деп ұлы ақындар жырлағандай ана тілі ананың ақ сүтімен, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, бойға дариды. Ана тілі деп аталуының өзі де сондықтан болса керек. Иә, ана тілім – өшпес мәңгі алауым. Ана тілі жайлы толғанбаған ақын – жазушы, ана тілінде еркін сөйлей алмайтын қазақ баласы жоқ шығар деп ойлаймын. Менің тілім – қазақ тілі. Қазақ тілі –  әлемдегі миллиондаған қазақтың ұлттық тілі атанып келген болса, тәуелсіздік алғалы бері ана тіліміздің мәртебесі көтерілді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі», – деп Ата Заңымызбен бекітілді. Талай ғасыр арманға айналған мемлекеттік тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ халқы бүгіндері – елдік мұраттар тұрғысындағы бары мен жоғын түгендеп, еңсесін көтеріп келеді. Төл дүниетанымыз бен болмысымызды айшықтай түскен сайын азаттық тұғырында нығайып, биіктей түсетіндігіне тарих куә. Батырлар жыры, аңыз – әңгімелер, жұмбақ – жаңылтпаштар – ана тіліміздің бүгінге жеткен алтын қазынасы. Бұлар біздің- өткен тарихымыз. Ана тілін, яғни қазақ тілін шексіз сүйетін, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының мына сөзін осы орайда еске сала кетсем: «Тарих -әрбір елдің ұлттық мақтанышы, атаның балаға қалдырған мирасы. Бізді өзге халықтардан өзгешелеп тұратын ерекшелігіміз». Ана тілі – Абайдың ақыл-ойы, Шоқанның – ілімі, Ыбырайдың білімі, Мұхтардың қанатты сөзі.

Әйгілі Ахмет Байтұрсынов:
«Қинамайды дарға асқаны, атқаны,
Қинамайды абақтыға жапқаны.
Бәрінен де маған ауыр болады
Өз ауылымның иттерінің қапқан», – деп жырлағандай, кешегі социалистік дәуірде тарихи жағдайларға сай өз жерінде,өз елінде қысым көрген ана тіліміз өшіп кете жаздады. «Ана тілін ұмытқан адам- өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді», – дейді Ғабит Мүсірепов аталарың. Сондықтан болашаққа қазақ тілін ту етіп тапсыруға тырысайық. Тіл тәуелсіздігі – ой тәуелсіздігінің, ел тәуелсіздігінің бастау бұлағы екендігін есте ұстайық, балаларым!Жүргізуші: Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

Перизат: Ана тілім – тірегім
Ана тілім – жүрегім.
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін.
Абылайхан:   Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Іңкәр:  Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің теңдігің
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышы елімнің.

Жоламан:  Сүйемін туған тілді анам тілім,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Нұрболат: Қазақ тілім туын биік ұстаған,
Қазақ тілім кең далама ұқсаған
Қазақ тілім мәртебелі, еңселі
Құрметтеп отыр бүгін, ел сені
Қайсар: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем.

Жүргізуші: Бізге өзбек халқының ұлт өкілдері өз өнерлерін алып келіпті. Қошеметпен ортаға шақырайык! Би: «Өзбек биі» (Амина Медина  Айым). Ару Ана: Балалар әрдайым осындай тату дос болып, өз тілдеріңді құрметтеңдер. Осындай өнерлеріңе тамсанып қуанып кетіп барамын. Келесі кездескенше сау болыңдар! Көрініс: «Тілдің құдіреті туралы аңыз». Хан: – Уәзірлерім, бұл дүниеде не өлмейді? Уәзір: – Уа хан ием, асқар тау өлмейді, ай мен күн өлмейді, ағын су өлмейді, қара жер өлмейді. Хан: – Жігітке жақсы болу үшін не керек? Уәзір: – Уа хан ием, жігітке бірінші білім керек, екініші ғылым керек, үшінші ұғым керек, өткір тіл керек. Хан: – Уәзірлерім, жігіттің неше жұрты болады? Уәзір: – Хан ием, жігіттің үш жұрты болады: ағайын жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.

Хан: – Жарайсыңдар, сендердің жауаптарыңа ризамын. Енді маған тағамның ең тәттісін әкеліңдер. Уәзір: – Құп болады,- деп ыдысқа салынған тілді әкеледі. Хан: – Мен саған тағамның тәттісін әкел дедім ғой. Уәзір: Тағамның тәттісі осы. Хан: – Солай де, ендеше, тағамның ащысын әкел. Уәзір қайтадан тілді алып келеді. Хан: – Бұл не? Мен саған тағамның тәттісін әкел дегенде тіл әкелдің. Ащысын әкел дегенде неге қайтадан тіл әкелдің? Бұл қай мазағың? Уәзір: – Мәртебелім, тілден тәтті не бар? Жақсылықтың жаршысы – тіл. Жаманшылық та осы тіл арқылы болады. Хан: Уәзірлерім, менің де сендерге айтар нақыл сөзім бар:

Малым бар деп мақтанба
Боран соқса қайтесің?
Басым бар деп мақтанба
Ажал соқса қайтесің?
Тілім бар деп мақтанба
Тіл байланса қайтесің?
Бағым бар деп мақтанба
Сорға айналса қайтесің?
Ақылдан артық хандық жоқ
Жомарттан артық хандық жоқ, – деп тапқырлықтарына риза болған екен. Тілмен ғана қызық менің тірлігім
Тату еткен ел мен елдің бірлігін.
Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,
Туған тілде алып жүрміз біз білім
Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау
Туған тілді қорғап бақшы қазақ-ау
Сарқылмайтын қуатпенен күш берген.
Туған тілдің қасиеті ғажап-ау!

Би: «Батырлар». Хор:  Тәрбиешілер «Рух пен тіл». Жүргізуші: Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің-анаң, сыйлап өтіңдер!Құрметті қонақтар, балалар. Еліміздің тұғыры биік болып, Қазақ елім мәңгі жасасын. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! Тіл мерекесіне арналған «Мен тіліммен мақтанамын» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Мерекеміздің соңында қорытынды құттықтау сөз балабақшамыздың меңгерушісі Ардақ Саткыновнаға беріледі.

Майгуль Орныкбаевна ШАГАЕВА,
“Айналайын” бөбекжай – балабақшасының
тәрбиешісі, Алматы облысындағы Іле
ауданының Қосөзен ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий